Мансап күніне қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Сіздердің 19 қазан күні сағат 10.00-де P&G, PwC, Mars Kazakhstan секілді ірі компаниялар өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, жұмысқа тұру жайлы сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіңіз бар. Бұл шараға қатысу тегін, алайда алдын ала тіркеуден өту қажет.

Бұл күннің шарасы үш бөлімге бөлінген:

1-бөлім: аталған компанияларының жұмыс берушілерімен танысып, компанияға жұмысқа алу критерийлері жайлы сөз қозғалады.

2-бөлім: студенттердің аталмыш компаниялардың қызметінің ерекшеліктерімен танысуы.

3-бөлім: Жұмыс берушінің ұжымдық мәдениетінің ерекшеліктерімен танысу.

Бұл шараға мына сілтеме арқылы тіркеле аласыздар.

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: tengizchevroil.com