- Негізгі бет
- LifeStyle
- Баян Алагөзованың үш...
Баян Алагөзованың үш пәтердің құны тұратын киімі Желі қолданушыларын таңғалдырды
5 шілде күні актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова мен бірқатар онлайн-жобалардың негізін қалаушы Мағжан Тілеухан үйлену тойын өткізді. Салтанатты той Алматы қаласындағы премиум қонақүйлердің бірінде өтті. Қонақтар арасында отандық шоу-бизнес жұлдыздары мен инфлюенсерлер болды. Олар белсенді түрде контентпен бөлісті: жас жұбайларға берген сыйлық түрлерінен бастап қонақтар киімдерінің бағасына дейін. Блогер Abailuck Баян Алагөзовадан киімінің бағасын сұрады.
Баян Алагөзованың киімі шамамен 223 880 долларға (100 миллион теңгеге жуық) шықты.
@abailuck3 Роскошная женщина должна стоить дорого? Баян Алагузова и её наряд на свадьбу?
♬ original sound - Abailuck
Үйлену тойына продюсер 1000 еуро (485 000 теңге) тұратын інжумен безендірілген Jimmy Choo ашық аяқкиімін киіп келді. Ал үстіне ақ көйлек пен ақ пиджак және басына қалпақ киген: ол оған 7790 долларға (шамамен 3,5 миллион теңге) шыққан.
Баян Алагөзова зергерлік бұйымдарға ерекше назар аударған. Ол Bvlgari-дің гауһар тасты сақинасы мен білезігін, 200 000 доллар тұратын Cartier сағатын (88 миллион 400 мың теңге) таққан. Жұлдыздың айтуынша, үлкен гауһар тасы бар сағат пен сақинаны оның жұбайы Тұрсын Алагөзов сыйлаған.
Сондай-ақ, Баян Алагөзованың мойнында Van Cleef зергерлік үйінің 10 000 доллар тұратын (4,4 миллион теңге) алқасы болды. Сырғаларға келетін болсақ, олар 5000 доллар (2 миллион 210 мың теңге) тұрады.
Мұндай баға әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыланды.
"4 пәтердің бағасы", "Бішкек киімдерінен еш айырмашылығы жоқ", "Бағаны қалай естерінде сақтайды", - деп жазды қолданушылар.
Десе де, Баян Алагөзованы бұл бағаға лайық санағандар саны көп болды.
"Баян - эталон", "Жарайсың, лайықсың!", "Ең керемет әйел", "Мен де осылай өмір сүргім келеді", "Ол барлығына өзі қол жеткізді" - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске салайық, өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ол мәһрге жаңа гелик сұрады, кейін ол үлкен қызойнақ ұйымдастырды, содан соң отбасы арасында "сырға салу" рәсімін өткізді.
А. Жапатова