Ұйымдастырушылар "Камызяки" ұжымының концерттері тоқтатылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы Арена" көпфункционалды мұз кешені Instagram-парақшасында концерт билеттері қалай қайтарылатынын жариялады.
"Камызяки" ұжымы әртістерінің көпшілік алдында жасаған әрекетіне жұртшылықтың теріс кері байланысын ескере отырып, ұйымдастырушылар "Камызяки" командасының Қазақстан бойынша жеке концерттерін толық тоқтату туралы шешім қабылдады. Билеттерді қайтару мәселесі бойынша:
? Егер билеттерді кассадан сатып алған болсаңыз, онда кассаға фискалды чекпен баруыңыз керек.
? Егер билетті almaty-arena.kz сайтынан онлайн сатып алсаңыз, tickets@almaty-arena.kz поштасына жазуыңыз керек, тапсырыс нөмірін, күнін, атауын көрсетіп, билеттің өзін қоса тіркеу қажет.
? Егер билетті Арена сайтында емес, басқа билет операторынан сатып алсаңыз, онда осы билет операторына хабарласуыңыз керек", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар әзілкеш Азамат Мұсағалиев және оның "Камызяки" командасын елге кіргізбеуді талап еткен еді. Желіде "Камызяки" командасының Қазақстандағы концерттерін тоқтатуды талап еткен петиция жарияланды. 5 қазанда Алматыда, 7 қазанда Астанада концерттері жоспарланған.
Ал бұған танымал әзілкештер Азамат Мұсағалиев пен Денис Дороховтың Саур-Могила мемориалдық кешенінде Донбассты азат етудің 80 жылдығына арналған үлкен концертте өнер көрсетуі себеп болған еді.
Желі қолданушылары соғысты қолдайтын Азамат Мұсағалиевтің бұл әрекетін сынап тастады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Азамат Мұсағалиев пен оның командасының концертіне билет сату тоқтатылғаны хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз