Қазақстанда Азамат Мұсағалиев пен оның командасының концертіне билет сату тоқтатылды

Қазақстанда Азамат Мұсағалиев пен оның командасының концертіне билет сату тоқтатылды
Фото: Видео кадры

Танымал ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің жанжалынан кейін Қазақстанда "Камызяки" КВН командасының концертіне билеттерді сату тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Онлайн-сервистерде сатып алу опциясы жоғалып кеткен, сондықтан Азамат Мұсағалиевтің концертіне орын броньдау мүмкін емес.

Онлайн-платформалар өкілдерінің айтуынша, ұйымдастырушылар сатуды жабу туралы шешім қабылдаған. 

"Ұйымдастырушылар билет сатылымын уақытша тоқтатты. Дәл осы концертке. Күте тұруыңызды сұраймыз, өкінішке қарай, бұл концерт туралы ақпарат жоқ", - деді Kino.kz платформасының өкілдері.

Олардың айтуынша, концерттің болатын-болмайтыны әзірге белгісіз. 

Сондай-ақ, Ticketon платформасында да билет сатылымы жабық. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар әзілкеш Азамат Мұсағалиев және оның "Камызяки" командасын елге кіргізбеуді талап еткен еді. 

Желіде "Камызяки" командасының Қазақстандағы концерттерін тоқтатуды талап еткен петиция жарияланды. 5 қазанда Алматыда, 7 қазанда Астанада концерттері жоспарланған. 

Еске салайық, бұған дейін Саур-Могила мемориалдық кешенінде Донбассты азат етудің 80 жылдығына арналған үлкен концерт өткен. Танымал әзілкештер Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов сол жерде өнер көрсеткен еді.

"Әзілкеш үшін адамның күлкісі - нағыз марапат. Көзімен, жүрегімен күлетін адамдарды кездестірсек, бұл өте шабыттандырады. Сондықтан мен оларға көп рақмет айтамын, бүгін олармен әңгімелесу өте керемет болды", - деді Мұсағалиев.

Желі қолданушылары соғысты қолдайтын Азамат Мұсағалиевтің бұл әрекетін сынап тастады. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Баламен бірге қандай фильмдер көруге болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек