“Аға, мынаны сізге бере салуға бола ма?“ Президенттен марапат алған Мақпал Жүнісованың видеосы жұртты тәнті етті

“Аға, мынаны сізге бере салуға бола ма?“ Президенттен марапат алған Мақпал Жүнісованың видеосы жұртты тәнті етті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Кеше Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады. Олардың қатарында әнші Мақпал Жүнісова да бар. Ақордаға алғаш барған өнер иесінің видеосы жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Осылайша жезтаңдай әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі "Барыс" ордені табысталды.

"Ақорда" бағдарламасының авторы әрі продюсері Ақдариға Мұқадас әншінің ерекше видеосын жариялады. Кадрда марапаттау рәсімінен кейін әнші Мемлекет басшысына әндері жазылған үнтаспаны беріп жатқаны көрінеді.

"Аға, мынаны сізге бере салуға бола ма?" - дейді әнші видеода.

"Болады, болады, рақмет сізге!" - дейді Президент.

"Апайдың айтуынша, бұл - Ақордаға алғаш келуі. Әрі араға ширек ғасыр салып, мемлекет тарапынан алған алғашқы марапаты екен. Сондықтан көңілде толқыныс барын жасырмады. Әндері жазылған үнтаспасын да ала келіпті. Салтанатты рәсім аяқталған соң Президентке арнайы ұсынып, өткен күндердің естелігіндей ықыласын білдірді", - деп жазды Ақдариға Мұқадас.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqdariga Mukhaddas 🧿🕊 (@aqdariga)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget