Әдетте Тоқты, Сарышаян, Тауешкі, Бикеш, Суқұйғыш, Таразы, Арыстан және Шаян белгісінде дүниеге келген ер адамдармен қарым-қатынас құру оңай болмайды. Бұл жайлы астролог Светлана Райт айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москве 24"-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, кей жұлдызнама белгілері өкілдерінің мінез-құлқында нақты ерекшеліктер бар. Олар жайлы алдын ала білген дұрыс. Сол кезде сізде ойлануға және онымен өмір бойы тұруға дайын екеніңізді түсінуге уақыты болады.
Мысалы, белсенді Тоқты өзінің серігімен өмірдің барлық саласында жарысатын болады. Оған қоса, бұл жұлдызнама белгісі өкілдері отбасы бюджетінің тепе-теңдігін бақылай алмайды.
Сарышаяндар – жұлдызнамадағы ең күмәнді белгі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген ер адамдар өте қызғаншақ және басқалардың энергиясын "соруға" бейім.
Тауешкі сүйіктісінің өмірін басқарғысы келеді. Оған сіздің қайда және кіммен екеніңізді білу аздық етеді: ол барлық нәрсені біліп отыруы керек.
Ал Суқұйғыштар, керісінше, еркіндікті жақсы көреді: нақты орнатылған шекараны ұнатпайды және жиі кешігіп жүреді, себебі олар тәртіпті өмірдегі басты нәрсе деп санамайды.
Бикеш белгісінде дүниеге келген ер адамдар – сыншылар. Ол серігін кез келген нәрсеге, тіпті, өзінің қателігі үшін де кінәлай алады.
"Ал Таразы белгісіндегі ер адамдар сүйіктісін үнемі басқалармен салыстыратын болады және оны мінсіз еткісі келеді: ол сізге біресе арықтау, біресе сәл салмақ қосу керегін айтуы мүмкін немесе шашыңызды өсіруге кеңес береді", - дейді Светлана Райт.
Арыстан белгісіндегі ер адаммен қарым-қатынас құрарда оның үнемі өзі жайлы айтатын нарцисс екеніне дайын болыңыз. Ол үшін серігіне қарағанда өзінің қажеттіліктері маңыздырақ.
"Шаяндар бір қарағанда еш зияны жоқ секілді көрінеді. Алайда олар кез келген нәрсеге ренжіп қалады. Олар сонысымен бәрін қиындатады. Сондықтан әркез кешірім сұрауға дайын болыңыз", - дейді маман.
Десе де, маман ер адамды бұл ерекшеліктеріне қарап қана таңдаудың қажеті жоқ екенін ескертті.
"Алайда сізге жоғарыдағы тізімдегі ер адамдардың бірі ұнап қалса, оған мінезіндегі қандай да бір ерекшелігі үшін қарамай қоюдың қажеті жоқ. Бастысы, үнсіз қалмаңыз, онымен қарым-қатынасты бұзатын нәрселер жайлы ашық сөйлесіңіз", - деп қорытындылады астролог.