"Жанымда болғаның үшін рақмет". Қарым-қатынасты сақтап қалу үшін қандай сөздер айтылу керек?

"Жанымда болғаның үшін рақмет". Қарым-қатынасты сақтап қалу үшін қандай сөздер айтылу керек?
Фото: ru.freepik.com

Адамдар арасындағы қарым-қатынас үнемі назар мен жұмысты қажет етеді. Екі жақты еңбек болмаса, қарым-қатынас құртыла бастайды. Біреу үшін іс маңызды, енді бірі жылы сөз күтеді. Бүгін қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін бірнеше сөздерді ұсынамыз.

"Мен сені және әр ісіңді бағалаймын"
Бұлай деу арқылы сіз серігіңіздің еңбегің және оның қарым-қатынасқа қосқан үлесін бағалайтыныңызды көрсетесіз.

"Маған әрқашан арқа сүйей аласың"
Бұл сіздің серіктесіңізге кез-келген жағдайда оны қолдауға дайын екеніңізді білдіреді.

"Мен қарым-қатынасымыздағы қиындықпен күресуге дайынмын"
Бұл сіздің мұнымен тоқтап қалмайтыныңызды және қарым-қатынасты нығайту үшін жұмыс істеуге дайын екеніңізді көрсетеді.

"Мені кешір"
Бұл фраза сіздің қателіктеріңізді мойындайтындығыңызды және сіздің қате әрекеттеріңізді түзету үшін бәріне дайы екеніңізді білдіреді.

"Мен саған қалай көмектесе аламын?" 
Бұл фраза сіздің серіктесіңізге қолдау көрсетуге дайын екеніңізден және оған қызығушылық танытатыныңызды көрсетеді.

"Менің өмірімде болғаның үшін рахмет"
Бұл жаныңыздағы жанға күш-қуат береді. Онымен өткен күнге риза екеніңізді көрсетеді. 

Т. Есқали