Танымал журналист, тележүргізуші Астанада өткен Земфираның концертіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, сахнадан алыс тұрса да жағымсыз дыбыс естімеген.
"Жолдастарымның шақыруымен сол Земфираның концертіне мен де бардым. Зал лық толады, сонша халық жиналады деп ойлаған жоқпын, шыны керек. Барыс аренаға жақындай бергеннен бастап сұмдық көлік кептелісі, әр 1 метр сайын тұрған күзет, кіре алмай ұзын-сонар кезекте қысылған ығы-жығы адам… Өз басым, сахнадан әжептәуір алыс тұрсам да, жаман звук естіген жоқпын. Ортадағы фанзона мен артқы қатардағы дыбыс жер мен көктей болды дейді. Мүмкін… Бұл залдың өзі музыкалық кешке, концертке арналмаған ғой былай қарасаң. Бірақ энергетика, драйв, атмосфера, көрерменнің ыстық ықыласын айта алмаймын… Барлық кем-кетікті ұмыттыратындай-ақ болды енді. Бірақ апамның шатақтау мінезін баяғыдан көбі біледі ғой. Үш адамға (ұйымдастырушыларға) ренжіп, бәрімізді бір-бірімізбен ұрыстырып қойғаны жаман болды. UPD деп, асығыс кішкентай әріппен жазғанына. ПММЛ деп тұрғандай", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Земфира - танымал ресейлік әнші. Ол Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанда шетелдік агент ретінде танылып, Ресейден кетті. Оның "Прости меня, моя любовь", "Жить в твоей голове", "Хочешь" әндері бар.
Еске салайық, бұған дейін әнші Қазақстанда өткен концерттерін ұйымдастырушыны сынаған еді. Кейін концерттерді ұйымдастырған Дана Орманбаева Telegram-арнасында пікір білдірді.
"Земфираның ертең жазбасына толық пікір білдіремін. Мен әрқашан шындықты, адалдықты және кәсібилікті жақтайтынымды білесіздер. Мен әншінің не айтқысы келетінін жақсы білемін, мен де бұл туралы айтуым керек, бірақ айтқым келмеді, өйткені мен ішкі былықты өзіміз шешуге болады, көрермен бұған лайық емес", - деді ол.
Сондай-ақ, кейін Земфира "Қазақстан" сөзін кіші әріппен жазғаны үшін кешірім сұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!