Әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады

Әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады
Фото: tengrinews.kz

Өткен аптада танымал әнші Земфира Алматы мен Астанада өнер көрсетті. Кейін өнер иесі әлеуметтік желідегі концерттің ұйымдастыру деңгейіне қанағаттанбағанын жазған еді. Жазбасында әнші Қазақстанды кіші әріппен жазып, басы дауға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейін әнші Қазақстанды әдейі кіші әріппен жазбағанын түсіндірді. 

"ҚАЗАҚСТАН, сіздерді ренжітейін деген ойым болған жоқ! Тыныс белгілерін елемей, тез әрі қысқа жаздым. Кешірім сұраймын. Негізінде, менің тамаша аудиториям бар, ҚАЗАҚСТАН да шет қалмады - жоғары деңгейде қарсы алды", - деп жазды әнші парақшасында. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Қазақстанда өткен концерттерін ұйымдастырушыны сынаған еді. Кейін бұған қатысты концерттерді ұйымдастырған Дана Орманбаева Telegram-арнасында пікір білдірді. 

"Земфираның ертең жазбасына толыққанды пікір білдіремін. Мен әрқашан шындықты, адалдықты және кәсібилікті жақтайтынымды білесіз. Мен әншінің не айтқысы келетінін жақсы білемін, мен де бұл туралы айтуым керек, бірақ айтқым келмеді, өйткені мен ішкі былықты өзіміз шешуге болады, көрермен бұған лайық емес", - деді ол. 

Айта кетейік, Земфира - танымал ресейлік әнші. Ол Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанда шетелдік агент ретінде танылып, Ресейден кетті. Оның "Прости меня, моя любовь", "Жить в твоей голове", "Хочешь" әндері бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек