- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Алқасының өзі -...
"Алқасының өзі - 6 миллиард 179 миллион теңге". Амбани әулетінің келіні Радика Мерчанттың образы қанша тұрады?
Желіде бірнеше айға созылған үнді миллиардері Мукеш Амбанидің ұлының тойы қызу талқыланды. Салтанатты шара наурызда басталып, шілденің ортасында аяқталды. Қазақстандық блогер Жансая Махабаева қалыңдық Радика Мерчанттың негізгі кеште киген образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Амбани әулетінің келіні Радика Мерчанттың тойдағы образы қанша тұрады деп ойлайсыз? Қазір айтып беремін.
Қалыңдық көйлегі асылтастармен безендірілген, Abu Jani Sandeep Khosla брендінен, бағасы 4 миллиард 730 миллион теңге.
Мойнындағы зүбартас және гауһар тастан жасалған алқасының бағасы 6 миллиард 179 миллион теңге.
Ал екінші алқасы - 3 миллиард 565 миллион теңге.
Брошь - 285 миллион 208 мың теңге.
Гауһар тастан жасалған жіңішке 4 білезігі бар екен, біреуінің бағасы - 107 милилон теңге.
Тастарымен ақ 6 білезігі бар, біреуінің бағасы - 21 миллион 390 мың теңге.
Мына үлкен білезіктері - 736 миллион 787 мың теңге.
Маңдайындағы әшекей 237 миллион 673 мың теңге.
Өте әдемі сырғасы - 404 миллион теңге.
Сол қолындағы мына әшекейі - 2 миллиард 44 миллион теңге.
Сонымен, барлығы - 19 миллиард 350 миллион теңге", деді блогер.
View this post on Instagram
Айта кетейік, Желіні шулатқан іс-шара Азиядағы ең бай адам Мукеш Амбанидің кенже ұлы Анант Амбани мен фармацевтикалық магнаттар - Вирена Мерчант пен Шейла Мерчанттың қызы Радика Мерчанттың үйлену тойы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі бай адамдар, мемлекет басшылары, Голливуд пен Болливуд жұлдыздарын Үндістанның шағын Джамнагар қаласына жинаған салтанатты дастарқан алғаш 1 наурызда жайылды.
Кейінірек үнді миллиардерінің ұлына жасап берген 600 миллион долларлық тойы туралы ақпараттар белгілі болды. Тойда қызмет етуге Қазақстаннан барған аспаз сұхбат беріп, тойдағы тағы ерекше жайттарын бөлісті.
"57 млрд теңге!" Азиядағы ең бай адамның әйелі тойдағы образына қанша жұмсағаны белгілі болды
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә