Азиядағы ең бай адамның ұлы үйленіп жатыр. Бұл туралы не белгілі?

Азиядағы ең бай адамның ұлы үйленіп жатыр. Бұл туралы не белгілі?
Фото: instagram.com/mukeshambani.offical

Азиядағы ең бай адамның ұлы үйленіп жатыр. Бұл туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

1 наурызда әлемнің түкпір-түкпіріндегі бай адамдар, мемлекет басшылары, Голливуд пен Болливуд жұлдыздары Үндістанның шағын Джамнагар қаласына жиналды. Олар миллиардер, өнеркәсіп иесі Мукеш Амбанидің кенже ұлының үйлену тойына байланысты жайылған дастарханның қонағы болды. 

@tea_no_sugar_

Телеграм: tea_sasha ☕️

♬ Dekha Hai Pehli Baar (Duet Version) - From "Saajan" - Alka Yagnik & S. P. Balasubramaniam

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Оның тойалды мерекесіне Марк Цукерберг, Билл Гейтс, Рианна, Доналд Трамп сынды танымал адамдар келді. 

@ticktrend GUESTS HAS ARRIVED! Don’t miss the luckiest Ambani wedding #PANDIT JI? The festivities are set to cost a staggering only £120million.. #Ambani #wedding #AnantAmbani #RadhikaMerchant #Jamnagar #prewedding ♬ original sound - TickTrend

Мукеш Амбани деген кім?

Үндістандық 66 жастағы Мукеш Амбани Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі бай адамдардың тізімінде 10-орында орналасқан. Оның дәулеті 115 миллиард долларға бағаланған. Ол - Азиядағы ең бай адам.

Оның Reliance Industries компаниясының жылдық табысы 100 миллиард доллардан асады, оның мүдделеріне мұнай-химия, мұнай мен газ, сондай-ақ телекоммуникация және бөлшек сауда кіреді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек