Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Туристік фирмамен келісімшартты қалай жасау керек?

Туристік фирмамен келісімшартты қалай жасау керек?

Туристік фирмамен келісімшартты қалай жасау керек?

Көп ұзамай жадырап жаз мезгілі келеді. Әдетте, барлығы кезекті демалысын жаздың жайма шуақ күндерінде өткізуге тырысады. Саяхат жолдамаларын қарастырып, туристік фирмалармен байланыс орнатады.

Саяхат барысында орынсыз жағдайлар мен түсініспеушіліктер болмауы үшін жолдамаларын сатып алған кезде, міндетті түрде, туристік фирмалармен келісімшартқа отыру керек. Туристік фирмалармен келісімшарт жасасқан кезде, аса мұқият болған жөн.

Келісімшартқа қол қойған екінші жақ туралы толық ақпараттың болуын қадағалаңыз. Қол қойған қызметкердің аты-жөні, байланыс телефоны, төлқұжатының нөмері мен жарамдылық мерзімі, оның келісімшартқа қол қоюы туралы құқығын растайтын құжаттары (сенім хат, жарлық, бұйрық) болуы керек.

Келісімшартта туристік фирма туралы барлық ақпарат көрсетілуі тиіс: фирманың толық атауы, мекен-жайы, байланыс телефондары, мемлекеттік тіркеу нөмері, лицензия, банк реквизиттері.

Қонақүй, әуе билеті, жол бағыты, экскурссиялық бағдарламалар т.с.с. саяхатқа қатысты барлық ақпарат туристік жолдама мен келісімшартта бірдей көрсетілуі керек. Келісімшартқа қол қоймас бұрын, осы екі құжатты салыстырыңыз.

Туристік фирма виза рәсімдеу мен медициналық сақтандыру қызметін көрсететін жағдайда, ол туралы келісімшартта толық көрсетілу керек. Сол кезде туристік жолдама құнына осы қызметтерге кететін шығын қосылады.

Туристік фирма саяхат жолдамасымен бірге, сізге баратын қала не мемлекет жайлы толық ақпарат беру керек. Жергілікті ережелер мен салт-дәстүрлері туралы ақыл-кеңестерін аямағаны жөн. Баратын мекеннің картасы мен қажетті телефондар көрсетілген қосымша қағаздарды ұсынуы тиіс. Туристік фирма саяхат жолдамасымен қатар, тұрақтайтын қонақүй қызметі мен жол қауіпсіздігіне жауапты болады.


Саяхат жолдамасын сатып алған кезде, міндетті түрде касса чегін талап етіңіз. Кассалық чекте саяхат жолдамасының бағасы мен қосымша шығындар көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, төлем уақыты, айы-күні мен мөрі болуы керек.

Туристік фирма ешқандай жағдайда келісімшартты бұзбауы тиіс. Саяхат жолдамасының уақытын, қонақүй, әуе билеттерін ауыстыруға, келісімшарттарын өзгертуге құқығы жоқ. Егер де, белгілі бір себептерге байланысты, сіз саяхат жолдамасын туристік фирмаға қайтарып, келісімшартты бұзсаңыз, құжатта көрсетілген талаптарға сәйкес айыппұл төлейсіз.

Саяхат кезінде орынсыз жағдайларға тап болып, демалысыңыз түсініспеушілікке толы болған жағдайда, 20 күннің ішінде туристік фирмаға көңіліңіздің толмағаны туралы шағым түсіре аласыз. Егер де, сіздің шағымыңызға туристік фирма тарапынан 10 күннің ішінде еш жауап болмаса, сіз оларды сотқа бере аласыз.

Суреттер: turbooks.ru, novosti.travel

4800 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 15 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...