Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Шайпұл берген дұрыс па?

Шайпұл берген дұрыс па?

Шайпұл берген дұрыс па?

Алыс-жақын шетелге шыққан бойда кез келген жолаушы жергілікті мейрамханаларға кіріп, ұлттық дәмнен ауыз тиеді. Қала көшелерін аралап, такси шақыртады. Қонақүй қызметіне жүгініп, қоғамдық орындардан бой көрсетеді. Осы кезде қызмет үшін қалдырылатын тиын-тебеннің қандай мөлшерде болатынын ескеру қажет.

Әр елде қызмет үшін берілетін шайпұлдың мөлшері әр түрлі болады. Ыңғайсыз жағдайға түсіп, жергілікті әдеп пен тәртіпті бұзбас үшін шайпұл ережесін анықтап біліп алу керек.

Әрине, көптеген мемлекеттерде көлік жүргізушілері, даяшылар, қонақүй қызметкерлері өз еңбектеріне қосымша ақы алған кезде қуанады. Алайда, кейбір елдерде қосымша ақы алу дұрыс емес. Мысалы, Жапонияда көрсетілген қызметке өз ризашылығыңызды білдіріп, шайпұл тастап кетсеңіз, сізді жергілікті халық түсінбейді. Токио қаласындағы кейбір мейрамханалар қолма-қол ақша-қаражаттарды қабылдамайды. Ол кезде карта не чекпен есеп айырысуға тура келеді. Ал шет аймақтағы қалалар мен аудандарда көрсетілген қызмет үшін ешкім артық ақы алмайды. Тек ірі туристік орталықтарда экскурссиядан кейін гидке не қонақүй қызметкеріне 1 доллар беріп кетсеңіз болады. Бұл жылы ықыластың белгілі.

Исландия елінде де Жапониядағыдай қосымша ақы алу дұрыс емес. Мұндай жағдай Швецияда да орын алады. Себебі, көрсетілген қызметке 7-10% мөлшердегі төленетін ақы шотқа енгізілген. Ал такси жүргізушілері қосымша ақы алуға тиісті емес, алайда, жолаушы тарапынан берілген ризықты қуана-қуана қабылдайды.

Қытай елінде көрсетілген қызмет үшін қосымша ақы алуға біраз уақыт дейін тосқауыл қойылған. Қазір бұл тыйым алынып тасталынғанмен, әу бастағы тәртіп өз күшін жоймаған. Алайда, көрсетілген қызметке ризашылығыңызды білдіріп, 1-2 доллар шайпұл қалдыруыңызға болады. Әдетте, Пекин, Шанхай сияқты ірі қалалардың мейрамханаларында көрсетілген қызмет ақысы шотқа енгізіледі.

Испания халқына көрсетілген қызметке қосымша ақы алу таңсық емес. Әдетте шайпұл мейрамханалар мен кофеханаларда қалдырылады. Сондай-ақ, қонақүй қызметкерлері мен экскурсия жетекшісіне 1 еуро қалдыруға болады. Барселона, Мадрид қалаларындағы кішкентай мейрамханалар мен шағын кофеханаларда 10-20 цент көрсетілген қызметке ақы беріледі.

Италияда көрсетілген қызмет ақысы мейрамхана, такси мен қонақүй шотына енгізілген. Алайда, такси қызметіне ризашылық білдіру мен қонақүй қызметкеріне аптасына бір рет 5 еуродан шайпұл беру керек. Ал мейрамханаларда даяшы қызметі үшін берілетін тиын-тебен арнайы тәрелкеде қалдырылады. Сондай-ақ, кейбір мейрамханаларда «servizio e coperto» үшін ақы алуы мүмкін. Бұл ақы нан-тоқаштар мен ас ішетін саймандар үшін төленеді.

Израиль халқы үшін қосымша ақы алу қалыпты жағдай. Мейрамханалар мен қонақүйлерде көрсетілген қызметтің жалпы ақысынан 12% мөлшерде қосымша ақы қалдырылуы тиіс. Қолма-қол ақша-қаражаттарыңыз болмай жатқан жағдайда, бұл туралы қызмет көрсетушіге алдын ала ескертіп қоғаныңыз абзал. Көрсетілген қызмет ақысы жалпы шоттан алынатын болады. Такси жүргізушілері әрбір шамадан үшін қосымша 3,5 шекель алуы мүмкін.

Индонезияда жүк тасушыға бір жүк үшін 500-1000 рупий аралығында ақы беруге болады. Такси жүргізушілері өз қызметіне қосымша 3 000 рупий алады. Мейрамханаларда жалпы шот есебінен 5–10% ақы төленеді. Мұндай ақы мөлшерін Үнді елінде де кездестіруге болады. Алайда, бұл елде шайпұл алу мен беру құрмет пен ризашылықтың белгісі.

Малайзия елінде көрсетілген қызметтің қосымша ақысы кішкентай мөлшерде болса, бұл дөрекілік пен құрметсіздіктің белгісі. Сондықтан да, жалпы есеп шоттан 10% мөлшерде шайпұл беру керек. Жүк тасушы мен гид қызметі үшін 1 доллар ақы қалдырылады.

Америка Құрама Штаттарында қосымша ақы төлеу жүйесі ерекше. Көптеген штаттарда салық ақысы алынып, қызметке берілетін шайпұл мөлшері жалпы есеп шоттың 15–20%-ы болуы мүмкін. Қонақүй қызметкерлеріне тәулігіне 1-2 доллар берілуі тиіс.

Франция елінде қосымша ақы жалпы есеп шоттың 15–16%-ын құрайды. Париж мейрамханаларында қосымша ақы қалдырылатын арнайы тәрелке болады. Франция елінің басқа аймақтарында даяшыларға еңбек ақы төленбейді. Сондықтан да, көрсетілген қызметке төленетін қосымша ақы ризашылықтың емес, үлкен қажеттіліктің белгісі.

Әрине, көрсетілген қызметке қосымша ақы беру-бермеу өз шешіміңіз. Ешкім шайпұл беруге міндеттемейді. Алайда, сапалы қызмет пен сыпайы қарым-қатынасты көргіңіз келсе, артық тиын-тебен беруді ұмытпаңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 13 қазан 2018, 07:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.