Бейжің - аспанасты елінің астанасы

Бейжің - аспанасты елінің астанасы

Жалпы мәлімет

Діні: буддизм, даосизм, конфуцианство

Тілі: қытай

Ақша бірлігі: юань

Қаланың танымал аудандары: Жабық қала, Патша қаласы, Татар қаласы, Үлкен Қытай

Әуежай: Тон Сянь

Аумағы: 16 807,8 шаршы шақырым

Халық саны: 17 млн адам

Халық санының тығыздығы: бір шаршы шақырымға 1011 адам

Климаты: суық жаңбырлы қыс, жылы жаз. Орташа температура қаңтар айында -6ºС;  шілде айында +25ºС.


 Қызықты мәліметтер

  • Аумағы 40 га-ға жететін аспан тыныштығы алаңы - әлемдегі ең үлкен алаң
  • Саяхатшылар үшін Бейжің мен Қытайдың басқа қалалары 1977 жылы ашылды. Ол кезде билікке Дэн Сяо-Пин келген болатын (нарықтық экономикаға көшкен кез)
  • Патша сарайында 9999 бөлме бар
  • Қытайдың танымал театр жанры астана атын иеленген. Коммунистік уақытта дәстүрлі Бейжің операсы біраз цензураға ұшырады, Бүгінгі таңда ғана өзінің қайталанбайтын қойылымдарымен көрермен қауымның көңілінен шығуда

 Бейжің қаласының көрікті жерлері


1. Аспан ғибадатханасы (Тяньтань) – Бейжің орталығында орналасқан монастрьлық ғибадатхана кешені. Дөңгелек пішінді қаладағы жалғыз ғибадатхана. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік адамзат мұрасы тізіміне енгізілген. Аумағы 267 га. Тяньтань қала нышандарының бірі. Кешен 1420 жылы Мин әулетінің «Юнлэ» ұранымен билік жүргізген уақытында салынған. Әу бастан Аспан және Жер ғибадатханасы болған, кейін 1530 жылы Жер ғибадатханасы салынған соң, аспанға табыну қызметін атқара бастады. Ғибадатхана Патша сарайының оңтүстік-шығысына қарай орналасқан. Ғибадатхана ерекше пішінге ие. Оңтүстік жағы төрбұрышты, ал солтүстігі жұмырланған. Қытай салтына сүйенер болсақ, дөңгелек - аспанды, төртбұрыш жерді бейнелейді. 500 жыл ішінде әр жыл сайын қысқы күн тоқырау кезінде патшалар осы жаққа келіп, үшкүндік қатал оразадан кейін Аспанға жомарт сый-құрмет көрсеткен. Аспанның қожайынында тек патша болған, ол ғана Аспанға тілек-дұғаларын жеткізе алады деп сенген.  Патша жақсы астық алу үшін жел, жаңбыр, ыстық пен суықты дуалаған екен.


2. Жабық қала (патша әулетінің сарайы) Қытай астанасының орталығында орналасқан. Соңғы 5 жүзжылдықта Қытай басшылары тұруына арналған. Сарай XV ғасырда салынған, аумағы 700 мың шаршы шақырымға жететін кешенде шамамен 1000 құрылыс нышандары бар. Әлемнің мәдени мұрасына енетін сарай қытай салтының бар көрінісін айғақтайды. «Жабық қала» атауы билеушінің рұқсатынсыз сарайға ешкімнің кіріп, шыға алмауымен түсіндіріледі. Бұл күні сарай үлкен мұражайға айналды. Сарай құрылысы Мин әулетінің ықпалымен басталған. Моңғол әулетінен кейін, барлық моңғол сарайлары қиратылып, жаңа билеушіге тұрақты жаңа мекен керек болды. Қытайдың басқа құрылыстары сияқты, сарай өзінің кең өлшемімен ерекшеленеді, оны тұрғызуға мыңдаған адам ат салысты. Құрылыс материалдары ретінде мәрмәр тақтайшалары, құнды ағаш, арнайы кірпіштер пайдаланылды. Жабық қала сақталып қалған әлемдегі ең ірі сарай. Ол 8 метрлі қабырға мен терең орлармен қоршалған. Қабырға ені шамамен 8 метрге дейін жетеді. Мұндай қоршау шабуылдарға тосқауыл болып, сарайға тірек болды. Сарай екіге бөлінген. Бірінші бөлікте барлық салтанатты рәсімдер өткізілсе, екінші бөлікте патша өз жанұясымен бірге тұрған. Жабық қала сыртында бау-бақша мен саябақтар бар. Сонымен қатар, патша әулетінің мүшеліріне арналған қабыр орналасқан. Кешен құрылысы мұқият жоспарланған, барлық пәлсафалық және діни қағидаларды сақтап, патша билігін бейнелейді. Мысалы, барлық шатырлар патша әулетінің түсі болып саналатын сары түске боялған. Кітапхана шатырындағы қара түс өрт қауіпсіздігін, ал мұрагер үйінің шатырындағы жасыл түс мансап өсуін бейнелейді.


3.  Көмір төбешігі 1420 жылы Жабық қаланы салған кезде, алдын ала қазылған орға себілген болатын. Фэн-шуй шеберлері оны солтүстік желдерден қорғану мақсатында пайдаланды. Патша әулетінің жекеменшік саябағының атауы Жабық қаланы жылытуға жинақталған көмір қорының атымен аталып кетті. Саябақ аумағында шығыстан батысқа қарай орналасқан бес төбе бар: Таңғажайып көрініс, Қоршаған табиғат көрінісі, Мәңгі көктем, Панорамалық көрініс және Үйлесімді жұпар иіс. Таңғажайып көрінісіне көтерілген кезде Жабық қаланы толық көруге болады. Осы жақтағы айлауық ағашында 1644 жылы Мин Чунчжэн (Сы-цзун) әулетінің соңғы патшасы өз өзіне қол жұмсап, асылып қайтыс болған.


4. Лам ғибадатханасы Бейжің қаласының солтүстік-шығысында орналасқан Қытайдың ең сұлу ғибадатханаларының бірі. 18-ғасырда Тибет діндеріне ламаизмді ұсыну үшін салынған. Қытай патшасының әмірімен бұл ғибадатхананы салуға барлық күш пен қаражат жұмасалды. Ғибадатхананың сәулет құрылысы мен кейбір дүниелері қытай өнерінің ең жоғарғы шыңы болып табылады. Лам ғибадатханасында үлкен бөлмелер көп болған. Мысалы, математика бөлмесінде жаратылыс ғылымдары оқытылған. Будда дөңгелегі бөлмесінде белгілі бір мәселелерді шешу үшін тақуалар жиналып отырған.


Бұл бөлмеде ламаизм дінінің өкілі Цункабаның мүсіні сақтаулы. Білімді Будда бөлмесінде қоладан жасалған Будда мүсіні бар. Сонымен қатар, ламаизм тарихы бөлмесінде ақпарат 4 тілде жазылған. 10 000 қуаныш павильонында сандалдан жасалған 132 метрлік Будданың үлкен мүсіні орналасқан.


5. Ұлы Қытай қорғаны – Қытай елінің Аспанасты нышаны болып есептелетін басты көрікті жерлерінің бірі. Қытай елінің бастау алған кезі, б.з.д 221 жылы Цинь шағын патшалығының билеушісі Чжэннің көршілес ұсақ патшалықтарды жаулап алып, өзіне Ши Хуанди деп есім беріп, патша болды. Патша өз заманында өте қатал болды, мысалы, конфуциан ілімін оқитын 460 адамды бір күнде тірідей жерге көмген.

Б.з.д. 213 жылы Ши Хуанди жаулап алынған мемлекеттердің барлық тарихи хроникасын жоюға бұйрық берді. Медицина, балгерлік, егін және орман шаруашылығы жайлы әдебиеттен басқасының барлығы рұқсат етілмеді.

Алғашқы патша кезінде өлшем бірлік жүйесі қабылданды. Сонымен қатар, мемлекеттің басқа да аймақтарына жол жүру ыңғайлы болу үшін жүк тасымалы мен жолдар бірдей қалыпқа келтірілді. Бұл жылдары үлкен құрылыс жүргізілді. Ши Хуанди басқару кезінде 6 500 шақырым жол төселді, ұзындығы 2 000 шақырымға жететін арна қатарлары салынды.


Алғашқы патшаның бұл жобасы кейіннен ұлттық мақтаныш болып табылатын Ұлы Қытай қорғанына айналды. Ертерек кезде алғашқы құрылыс Аспанастының солтүстік шекарасында салына басталды. Қытай патшалығының билеушілері осы арқылы көшпенділердің шабуылынан өздерін қауіпсіздендірген. Ши Хуандидің бұйрығымен басталған құрылыс жұмыстары болған құрылысты жалғастырды. Өзінің кеңдігінің арқасында Ұлы Қытай қорғаны ат көлігіне ыңғайлы, жылдам жол болды. Күзетшілер, сақшылар, кезекшілер түтін дабылдары арқылы жау әскерлері жайлы ақпарат тарататын.

Бүгінгі таңда ел арасында екі түрлі ой қалыптасқан. Бірі Ұлы Қытай қорғанын Ежелгі Қытай инженерлік өнерінің ең биік жетістігі десе, бірі бұл құрылысты қатал басшының қисынсыз әрекеті деп атайды. Ел арасында "егер де қорғанға құлақ түрсе, құрылыс кезінде қайтыс болған жандардың зар жылаған дауысын естуге болады" деген аңыз бар.

Бұл күнде Ұлы Қытай қорғаны әлемнің жаңа жеті кереметінің қатарына енген.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған


Ғ. Ұзақ