Үнді мұхитынан ежелгі құрлық байқалды

Үнді мұхитынан ежелгі құрлық байқалды

«Теңізге шөгіп жоғалған құрлықтар» жайлы әңгіме әдетте ғалымдар мен жазушыларды қатты баурайды. Ондағы тарихи мұралар, тарихи оқиғалар олардың жазып, зерттеп отырған тақырыбынан қағыс қалмайды.

Жуықта Норвегия ғалымдары «Үнді мұхитында біздің заманымыздан бұрынғы 200-85 миллион жылдар аралығында болған құрлық теңіз жағалауынан 10 км қашықтықта шөгіп жатыр» деген пікірді алға тартты.

Олардың айтуынша, осыдан 750 миллион жыл бұрын жер бетінде бүкілдей тұтас құрлық болуы мүмкін екен. Сол дәуірде қазіргі Үнді елі Мадагаскармен көрші. Екеуінің аралығын тек теңізге шөгіп кеткен құрлық қана бөліп тұратын дейді. Тек 85 миллион жыл бұрын ғана бұл ұлы құрлық теңізге шөгіп кеткен де, қазіргі Үнді елі мен Мадагаскар бірте-бірте бір-бірінен алыстаған.

Ғалымдар енді осы мұхит түбіндегі құрлық жайлы зерттеулерін бастамақ. Бұл Жер шарының қалыптасуы ғана емес, байырғы тайпалар мен адамзаттың ұлы өркениетіне тың деректер қосары даусыз. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: altaypost.ru

Қ. Қауымбек