World Press Photo өз мәресіне жетті

World Press Photo өз мәресіне жетті

Жақында "Әлемнің Ақпарат фотосы" (World Press Photo) бәйгесі өз мәресіне жетті. Нидерландының Амстердам қаласында өткен бұл дүбірге әлем ақпаратының адамзат назарына ұсынған картиналары дүйім жұрттың көзайымына айналды. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі көзден таса, беймәлім құбылыстар мен ең шешуші сәттерді қалт жібермей түсіріп, сол оқиға мен құбылысқа көрермен (оқырман) назарын аудартуды мақсат тұтқан фототілшілер қауымының жиналысынан Массагет оқырмандарына да бір үзік кәделі дүниелер табылып қалар деген ойдамыз.

Фотограф Паул Хансеннің туындысы. Газа өңірі.

Еланның туындысы. 2013 жыл бойынша «Қазіргі заман. Ең келелі түйіндер» номинациясы бойынша бас жүлдені еншілеген.

Түркиялық Емимнің туындысы. Жүлделі туындылардың бірі.

Италиялық Фабио Буссиареллидің туындысы. «Тосын ақпарат» номинациясы бойынша екінші орын иегері.

Сириядағы қантөгіс. Аргентиналық фототілші Редриго Абдтың туындысы.

АҚШ фототілшісі Мисах Алберттің туындысы. Кениядағы жағдай. «Ең өтімді тақырып» номинациясы бойынша бірінші орын.

Италиялық Фаусто Подавинидің туындысы. «Тұрмыс» номинациясы бойынша бірінші орын.

ӨЗГЕ ДЕ ЖҮЛДЕЛІ ТУЫНДЫЛАР

Сізге қайсысы ұнады?

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Суреттер мен мәліметтер: worldpressphoto.org сайтынан

M. Auelkhan