Әлемді таңғалдырған маймыл – Коко

Әлемді таңғалдырған маймыл – Коко
Фото: National Geographic

National Geographic журналының 1978 жылдың қазан айындағы мұқабасында Коко есімді горилланың айнадағы өз көрінісін суретке түсіріп тұрған сәт жарияланады.

Психолог Фрэнсис Паттерсон Кокоға 6 жыл бойы ымдау тілін үйретті және бұл фото осы  жаттығулардың сәтті өткенінің дәлелі болды.

19 жасында Коко айна сынағынан өтті, яғни гориллалардың көпшілігі жасай алмайтын айнадан өзін тануды үйренді. Ол сондай-ақ 2000-ға жуық сөзді түсінді және әртүрлі ұғымдарды білдіретін мыңнан астам ым мен белгілерді қолданған.

Жұлдыз болғаннан кейін Коко әйгілі актерлермен және БАҚ өкілдерімен, соның ішінде Леонардо Ди Каприо, Робин Уильямс және басқа да танымал тұлғалармен байланыста болған.

Кейіннен ол бірнеше деректі фильмдерге түсіп, 1985 жылы тағы да National Geographic мұқабасында пайда болды. Журналдың екінші санында маймылдың мысықты құшақтап тұрғаны көрсетілген.

Коко 2018 жылы 46 жасында қайтыс болды. Осы уақытқа дейін ол тарихтағы ең ақылды жануарлардың бірі болып саналады.

Т. Есқали