Ғалымдар әлемдегі ең ірі өсімдікті тапты

Ғалымдар әлемдегі ең ірі өсімдікті тапты
Фото: apnews.com

Аустралия ғалымдары мұхит жағасынан әлемдегі ең ірі өсімдікті тапты. Ол қандай өсімдік десеңіз, кәдімгі балдырға ұқсас алып өсімдік екен.

Шығыс Аустралия университетінің зерттеушілері мұхит түбіне зерттеу жүргізіп, әлемдегі ең ірі өсімдікті тапқан. Мұхиттің түбін басып жатқан өсімдік – кәдімгі балдыр немесе теңіз шөбі. 180 шақырым жерге дейін таралып өскен. Жасы шамамен 4500 жыл деп отыр ғалымдар.

Балдырдың "жаулап алған" ауданы 200 шаршы метр. Шығыс Аустралияның Шарк бұғазынан табылған. Ғалымдар табылған өсімдікке генетикалық зерттеу жасап, мұның арамшөп тұқымдас шөп екенін анықтаған. Бұл – Аустралияның шығыс жағалауына жайылған өсімдіктің түрі.

Алайда 180 шақырымды алып жатқан мына өсімдіктің тағдыры бөлек. Олай дейтін себебіміз бұл – біреу. Яғни, бір тамырдан таралған әрі 180 шақырымға дейін тамыр жіберген бір ғана өсімдік. 18 мың сабағы бар.

"Таңқалмасқа шара жоқ. Бір ғана өсімдік. Шарк бұғазын жалғыз өзі алып жатыр. Әзірше бұл әлемдегі ең ірі өсімдік болып отыр", - зерттеу жобасының жетекшісі Джейн Эджлоу.

Қазір ғалымдар өсімдіктің бұлай таралып өсуіне не себеп болғанын, қандай табиғи құбылыс пен жағдайдың әсер еткенін табуға тырысып жатыр.

Айта кетейік, бұған Чили ғалымдары әлемдегі ең көне жарытылыс иесін тапқан еді. Ол – 5400 жыл жасаған қарағай тұқымдас ағаш-тұғын.

Қ. Слямбек