Адамдарда жоқ, жануарларда бар 6 қабілет

Технологиялық үдерістер жануар мен адам арасындағы айырмашылыққа сәйкес туындағаны белгілі. Бүгін жануарларда бар, бірақ адамдарда кездеспейтін 6 қабілетпен таныстырмақпыз. 

1. Инфрақызыл арқылы көру

Инфрақызыл жарықтың толқындары, көзге көрінетін спектрге қарағанда ұзын. Сондықтан адам баласы көре алмайды. Бірақ маса мен бақа, жарғанаттар, жыландардың көптеген түрлері өз жемтігін табу үшін инфрақызыл толқындарын пайдаланады.

Оған себеп, жылу бар дене түрлі инфрақызыл толқындар бөліп, жарқырап көрінеді. Шынымен өте жақсы қыздырылған заттар жарық шығарады. Сол себепті балқытылған металл бөліктері бізге қызыл болып көрінеді. 

2. Ультракүлгін арқылы көру

Қосмекенділер, кей игуаналар, көптеген жәндіктер, балықтар, бұғылар, құстар және кеміргіштер көздерінің торлы қабығында ультракүлгін рецепторлары болады. 

Араларға бұл сезім гүлдердегі шырынды табуға септігін тигізеді. Құстарға ол үлкен арақашықтықтағы кішкентай жемтігін байқауға көмектеседі.  

Сонымен қатар, бұғылар адамдар байқай бермейтін зәр дақтарын ажырата алады. Несепте ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Сондықтан өзінің тұрғылықты аймағына бөгде біреудің қоныстанғанын жақтыра бермейтін қасқырлар немесе өзге де жануарлар несеп арқылы хабардар болып, қорғауға тырысады.

3. Магнитті қабылдау

Жердің магниттің аймағы күннің қатерлі сәулесі мен ғарыш радиациясынан сақтайтыны бәрімізге мәлім. Кейбір жануарлар магнитті толқынды адаспау үшін қолданады. Тасбақалар, құстардың көптеген түрінде табиғи "магнитті компас" болады.

Кейбір жануарларда магниттік аймаққа деген тартылыс туабітті болмайды. Олар Magnetobacterium тұқымдасына жататын бактериялар селбесу арқылы жетіледі. Олар көбіне пингвиндерде, теңіз тасбақаларында, жарғанаттар мен көптеген кит түрлерінде болады. 

Дегенмен магниттік дауыл кезінде киттердің "компасы" істен шығып, толқынмен жағаға келіп қалатын кездер болады. Ондай жағдайда олардың аман қалу ықтималдылығы өте төмен. 

4. Электрлі қабілет

Кейбір тіршілік иелері, мысалы электрлі жыланбалықтар, акула, сом балықтары электр өрісін сезіне алады. Оларға Лоренцини ампулалары деп аталатын арнайы ағза көмектеседі.  

Тірі ағзалардың барлығы электрлі импульстер бөледі, ал Лоренцини ампулалары оларды тануға көмектеседі. Сол себепті, жыртқыш акула өз жемтігін көрмесе де, шабуыл жасай алады.

Тек балықтар ғана емес, сүтқоректілер арасында да электр тоғын сезе алатындар бар. Мысалы гвиан дельфиндері де өзіне қоректі электр тартылысы арқылы табады. Бұл қабілет тек шабуыл жасау үшін ғана емес, мұхит түбінде адаспау үшін керек. Дельфиндерде Лоренцини ампуласының орнына, өздерінің түк фолликулаларын пайдаланады. 

5. Эхолокация

Эхолокация – қоршаған заттардың бетінен шағылысқан дыбыстарды қабылдай отырып, кеңістікте құлақ арқылы шарлау мүмкіндігі. Мысалы, жарғанаттар ұшу кезінде адам естімейтін ультрадыбысты шығара алады. Содан кейін олар бұл дыбыстың жаңғырығын ұстап, қажетті дене мен одан жемтігіне дейінгі қашықтықты анықтайды. Бұл  қабілет жарғанаттарға ауада кедергілерге соғылып қалмау үшін қажет.

Жарғанаттардан басқа бұл қабылет майлы тентекқұс (түр атауы) және сұр қарлығашқа тән. Сонымен қатар, көзі көрмейтін лабораториялық егеуқұйрықтар да пайдаланады. Дельфиндер болса миында көру және есту ақпаратын біріктіре алады. Сол себепті олар эхолокаторын көре алатын қабілетке ие. Нақтырақ айтсақ, табиғи УЗИ аппарытының қызметін атқарады.

6. Инфрадыбыс

Ультрадыбыстан басқа, инфрадыбысты эхолокация бар. Олардың төмен жиіліктегі дыбыстар жатады. Инфрадыбыс су толқындары арқылы біраз жерге дейін жетеді. Сол себепті киттер байланыс құралы ретінде пайдаланады. Бұны жерде пілдер мен аллигаторлар пайдаланады. Жерде оны еркін қолдана алмағанымен, бір-біріне сигнал бере алады.