World Nature Photography Awards нәтижесі бойынша үздік суреттер жарияланды

World Nature Photography Awards нәтижесі бойынша үздік суреттер жарияланды
Фото: World Nature Photography Awards

Жабайы табиғат пен жануарлар әрқашан шығармашылық адамдары үшін шабыт беретін орта. World Nature Photography Awards 2021 байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен фотосуреттер келіп түскен.  Massaget.kz байқау жеңімпаздарының суреттерін назарға ұсынады.

АҚШ тұрғыны Эймос Начум байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды және қорғансыз пингвинді жеуге дайындалып жатқан итбалық бейнесі үшін "Жылдың табиғат фотографы" атанды.

Екінші орынды Ұлыбританиялық фотограф Уильям Фортескью күресіп жатқан пілдердің суреті арқылы алды.

Үштікті Аустралиялық Буддилини де Сойзаның жұмысы жапты. Ол қатты ағынға қарамастан өзенді кешіп келе жатқан гепардтарды түсіріп алған.

Том Виерус, Фиджи

Тома Виерустың Бали аралдарында ұйқы құшағында жатқан макакаларды бейнелеген суреті "Жануарлар портреті" бойынша бірінші орын алды. 

Массимо Джорджетта, Италия 

"Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың болмысы" номинациясы бойынша бірінші орын алды.

"Құстардың болмысы" бойынша сыйды америкалық Роберт Дж. Росс алды. 

Бұл категория бойынша үшінші орынды Ұлыбританиялық Роберт Мейнард алды. Суретте қатар-қатар тізілген қайықтарған қонақтаған құстар бейнеленген.

Т. Есқали