Егеубалықтың тісі күн сайын шығады

Егеубалықтың тісі күн сайын шығады
Фото: fbm.ru

Егеубалық судағы ерекше тіршілік иесі. Оның тістері өмір бойы қалпында болады. Оның құпиясы неде? Жуырда америкалық ғалымдар арнайы зерттеп қорытындыларын шығарды. Олардың зерттеуі Proceedings of the Royal Society B порталында жарияланды.

Балықтың бұл түрі 25 жылға дейін тіршілік етеді. Қызығы осы уақыт аралығында жемтігін тістеуден қиындық көрмейді. Себебі егеубалықтың тісі күн сайын жаңа тіспен толығып отырады екен. Бұл Райс университетінің теңіз биологтары жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталып отыр.

Зерттеушілер 10 егеубалықты қызыл түске боялған аквариумға 10 күн бойы салып қойған. Одан кейін жасыл түсті суға ауыстырған. Нәтижесінде өздері күткен нәтижеге қол жеткізіп отыр. Биологтар судағы бояғыштардың көмегімен тістерінің өсуі мен түсуін анықтаған. Тісінің біразы қызыл, біразы жасыл, енді біразы қызыл-жасыл болған.

Зерттеуде белгілі болғандай, егеубалықтың күніне 20 тісі түсіп, орнына жаңасы шыға бастайды екен. Көбіне шайнайтын тістері жаңарып отырады.

Егеубалық ірі балықтар санатына жатады. Тынық мұхиттың солтүстік-шығысында көбірек кездеседі. Ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді. Ауыз қуысында 500-ге жуық ине тәрізді тістері болады. Кей түрінің еті көк түсті болып келеді. Ал пісіргенде түсі өзгеріп, кәдуілгі балық еті болады. 

Н. Үсенова