Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Кешіріңіз, сізді қалай атаймын?

Кешіріңіз, сізді қалай атаймын?

Кешіріңіз, сізді қалай атаймын?

Қазақ ертеден-ақ, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете білген дана халық. Үлкенін «бәйбіше», «бибі», «мырза», «төре», кішісін «бойжеткен», «бикеш»,«бозбала» деп сыйлап шақыру біздің елдің қанына біткен қасиет десе де болады. Бұл атаулардың пайда болып, қолданысқа енгеніне де бірталай уақыт өтті. Сөйтсе де, дәстүр де, атау да жоғалған емес.

Білесіз бе, кез келген елдің өзіне тән және дұрыс қолданылуы талап етілетін дәл осындай сөздер бар. Бүгінде, шетел асып, ел аралап, жер көру кез келгеннің қолынан келетін мүмкіндікке айналды, күн сайын біріміз келіп, біріміз кетіп жатырмыз. Шетелге жасаған кезекті сапарларыңыздың бірінде ханымдар мен мырзаларды, бойжеткендер мен бозбалаларды қалай атау керектігін білмей жатсаңыз, сіз үшін үлкен сын. Сондықтан да кезекті жазбамыз сіздің қамыңыз үшін!

Жолыңыз Франция жеріне түскен болса, тұрмыс құрмаған француз бикештерді «Мадемуазель», ал отбасын құрған әйелдерді – «Мадам» деп шақырғаныңыз жөн. Егер, оның тұрмыстық жағдайымен жете таныс болмасаңыз, жасына назар аударыңыз. Іскерлік кездесулерде кез келген қыз баласына «мадам» деп сөйлеген орынды болмақ. Кез келген ер азаматқа, оның мәртебесіне, жасына қарамастан «Месье» деп айтылады. Амандасқанда, сәлемдескенде, кешірім сұрағанда «мадам», «месье» сөздерін қосып айту қажет.

 

 

Ресейде бұрынғы кездері жиі айтылған «Барин», «Барышня», «Барыня» ұғымадар бүгінде қолданыстан шығып барады. Сондықтан, орыстарға "мырза", "ханым" деп тіл қата берсеңіз болады.

 

 

Жігітті шақырмас бұрын оның лауазымын біліп алуыңыз керек. Өйткені, кісіні шақыру үшін қолданылатын «Херр» сөзінен кейін оның атағы айтылуы керек. Ал егер ол адамды өміріңізде бірінші рет көріп тұрсаңыз «Херр Доктор» нұсқасын пайдаланыңыз.  Немістердегі «доктор» сөзі көп мағына білдіреді және әртүрлі контексте қолданыла береді. Германияда ересек әйелдерді «Фрау», ал бойжеткендерді «Фройлен» деп атау қалыптасқан. Тұрмыс құрған әйелді шақырғанда зайыбының лауазымын қосып айту керек: «Фрау Доктор».

 

 

Қытайда жас жігітке – «Сяо хо-цзы», үлкен ер кісіге «Сянь-шэн» делінсе, бойжеткендерге «Сяо цзе», әйелдерге «Да-цзе» сөздері бағытталады.

Арабияда еркектерге «Адон», «Мар» сөздері, қыздар қауымына «гэвэрэт»(ханым), «гвирти» ұғымдары қолданылады.

 

Англияда айтылатын «Мистер» (ер азаматтарға), «Мисс» (тұрмыс құрмаған қыздарға), және «Миссис» (ересек әйелдерге) сөздері көзіңізге таңсық емес деп ойлаймыз. Бұл сөздерге сөйлесушінің тегі қосылып айтылады. Ал іскерлік қатынас үшін: «Сэр» және «Мадам» сөздері дұрыс. Англияда бұл ұғымдарды көбіне бала үлкенге, бағынышты бастыққа, қызметші келушіге бағыттап айтады. «Ледилер» және «Джентльмендер» формасы – көпшілік ортаға қаратып қолданылады. Сондай-ақ, ерте кездерде ақсүйектер қауымының арасында «миледи», «милорд» сөздері пайдаланылған екен.

Испанида азаматтарға «Дон» деп айтылса, әйелдерді «Донна», қыздарды «Донья» деп қаратады. Үй қызметшілерін «Дуэнья» деп шақырады.

 

АҚШ-та қалыптасқан ереже англиялықтарға ұқсас болып келеді. Сондай ақ, жас адамдарға «young man» немесе «young woman» деп сөйлесеңіз жарайды. «Қымбатты» мағынасын білдіретін «darling» сөзі ерте кездерде де, қазір де қолданыстан қалған емес.

 

Италияда жігіттерге – «Сеньор», нәзік жандыларға «Сеньора», «Сеньорита» немесе «Сеньорина» сөздері қолданылады.

 

Жапонияда әңгімелесушіге екінші жақтан емес, үшінші жақтан сөйленеді. Кісінің тегімен қосып, сыйластықты білдіретін «сан», «реже», «доно» немесе «сама» сөздерін пайдалану керек. Ал жақын достарыңызбен болатын күнделікті қарым-қатынасқа «кун» сөзі жарайды. Қызметте оның дәрежесін қосып айтқаныңыз абзал.

 

Суреттер:otvetkak.ru,4-people.ru,vk.com, жеке мұрағат

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3365 9
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 11:33
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 11:46

Қазақша түсінетін шетелдіктердің назарына )))))): Бізге сосын апа, аға деп айтуға болады. ;)

+0
13 желтоқсан 2012, 12:10

тек апше деп айтпаныз деп койшиш :D

+0
13 желтоқсан 2012, 11:46

Мынац жақсы болды ғой, біліп жүретін

+0
13 желтоқсан 2012, 12:00

Мені Донья деп атаңдаршы десең))

+0
13 желтоқсан 2012, 12:11

Донья Сания, қалыңыз қалай?

+0
13 желтоқсан 2012, 12:02

қызық.. Испанияда мені Дон Дон деп атай ма сонда? :))) Қарсы жыныс тарапынан "Менің падишахым" деген қаратпа сөзден басқаны мойындамаймын өз басым :)))

+0
13 желтоқсан 2012, 12:47

Бізде апа деп әкенің анасын айтады. Дұрысы Әпше деген :lol:

+0
13 желтоқсан 2012, 14:15

АҚШ-та boy, man, old man, body, dude деп те қолданады ғой :lol:
Түріктер "эфендім", ханым, бэй, деп айтады. Меніңше ағылшындардың миледи-і май леди дегеннен қысқарған секілді. Мелорд та солай девойлайм

+0
23 желтоқсан 2012, 03:16

керемет керек нарселер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...