Жаңа жылды соңынан тойлайтын ел

Жаңа жылды соңынан тойлайтын ел
Фото: tampabaydatenightguide.com

Жаңа жыл – әлем елдері асыға күтетін мереке. Әдетте желтоқсанның 31-нен қаңтарға қараған түні мерекені тойлайды. Дегенмен уақыт белдеуіне байланысты әр ел әрқалай уақытта жаңа жылға өтеді. 

Жаңа жылды бірінші болып Кирибати, Тонга корольдігі және Жаңа Зеландияның Чатем аралының тұрғындары қарсы алатыны жайлы жазған едік. Ендігі кезек, Жаңа жыл мерекесін елдің соңынан тойлайтындар жайлы болмақ.

Гринвич уақыты бойынша +24 белдеуіне кіретін АҚШ-тың Гавай аралдары, Таити мен Кука аралдары жаңа жылды соңынан қарсы алады. Бұл елдер Жаңа жылды тойлап жатқанда Нұр-Сұлтанда қаңтардың 1 болып, сағат тілі 16:00 көрсетіп тұрады.

Ал дәл бір сағаттан соң Самоа мемлекеті жаңа жылды әлемнің соңынан қарсы алады. Ресми +25 уақыт белдеуіне кіретін Самоа Жаңа жылды соңынан тойлайтын ел саналады. Бір қызығы, Тынық мұхитында орналасқан Самоа мен Жаңа жылды бірінші қарсы алатын Кирибати аралдарының арасын жүздеген шақырым ғана бөліп тұр.

А. Рысдәулет