Еуропа елдері не экспорттайды?

Қазақстан шетелге мұнай, көмір, түсті металл, хром мен алтын, ауыл шаруашылық өнімдерін және тағы басқа шикізатты экспорттайды. Ал Еуроодақ елдері қандай өнімдерді экспорттап экономикасын көтерді?

Экспорт деген не?

Экспорт – ел ішінде өндірілген тауарлар мен өнімдердің, қызмет түрлерінің шетелге сатылуы. Мәселен, Жапония экспортының 60 пайызын көлік пен транспорт технологиялары, қалған 25 пайызын өндіріс тауарлары мен дайын өнімдер құрайды. Ал Ресей экспортының 70 пайызын мұнай мен газ, Қазақстан экспортының 85 пайызын мұнай мен газ және қара, түсті металлургия құрайды.

Еуроодақ экономикасы – АҚШ-тан кейінгі дүниежүзіндегі екінші ірі экономика. Жылдық экспорт көлемі жүз мыңдаған тоннаны құрайды. Сонымен Еуропа елдері не сатады?

Мұнай, газ және басқа да энергия ресурстарын Ресей, Норвегия, Литва, Грекия мен Хорватия сатады.

Эстония, Болгария, Молдавия, Сербия мен Венгрия электр құрал-жабдықтарын сатумен айналысады.  

Украина тыңайтқыштар, Белоруссия темір мен болат экспорттайды.

Финляндия, Швеция, Ұлыбритания, Германии, Франция, Италия мен Австрияның басты экспорт тауарлары – жоғары технологиялық құрал-жабдықтар мен олардың құрал-бөлшектері. Оның ішінде көлік те, смартфон мен техникалық құралдар да бар.

Македония химиялық өндіріс тауарларын экспорттайды.

Ирландия, Нидерланд пен Швейцария дәрі-дәрмек сатады.

Португалия, Испания, Бельгия, Чехия, Словакия мен Түркия түрлі механизмдер сатумен, көлік құрал-бөлшектерін сатумен айналысады.

Латвияның шетелге шығаратын басты тауары – ағаш пен ағаш өнімдері.