Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы

Тарихтағы ең ірі галактикалар қақтығысы

Жерден өте алыста екі алпауыт галактика соқтығысты. Бұл жақта жұлдыздар Құс жолына қарағанда мың есе тез жылдамдықпен түзіліп жатқан көрінеді. Бұл туралы Astrophysical Journal басылымы жазды.

Галактикалардың қақтығысуы – 5аламдағы ең қиын құбылыс. "Сан жетпес" жұлдыз соқтығысқан өте үлкен қара құрдымдарды айнала ұшып, бір-біріне қосылады. Ал газды тұмандықтар спираль тектес формада жиналып, мыңдаған жаңа жарық шашатын жұлдыздарға айналады. Бұл құбылыс миллиардтаған жылға созылады. 

Чилиде орналасқан ALMA телескобы үш жыл бұрын екі галактиканың соқтығысқанын анықтаған. Бұл бүгінде адамзатқа белгілі ең ірі қақтығыс. ADFS-27 деген екі галактика да өте үлкен және жарық. Олар Жерден 12,7 миллиард жарық жылындай қашықта орналасқан. Бұдан олардың ғаламдағы ең көне галактика екенін аңғаруға болады. 

Ғалымдар әдетте жалғыз галактиканы жылдап іздейді. Ал ALMA телескобы бірден екі галактиканы тапты. Жер мен бұл қос галактиканың ара қашықтығының алшақ екенін, оған қоса әрқайсы жаңа жұлдыз жасап жатқанын ескерсек, бұл адамзат үшін өте маңызды құбылыс. 

Сонымен қатар, жаңа жұлдыздардың түзілу жылдамдығы өте тез болуы ADFS-27-ні өзге галактикалардан ерекшелеп тұр. Құс жолынан он есе үлкен галактикалар одан мың есе тез жылдамдықпен жұлдыздарды түзу үстінде. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"