Астанасы жоқ елдер

Астанасы жоқ елдер
Фото: goodfon.ru

Естімеген елде көп. Астанасын ауыстырған, екі қаланы астана еткен елдер жетерлік. Ірі мегаполисьері бола тұра астанасы кішкентай елдер де бар. Ал астанасы жоқ тек екі мемлекет бар екен.

Оның бірі – Швейцария, екіншісі – Тынық мұхитындағы Науру аралы.

Швейцария

Еуропада экономикасы қуатты, әлемдік банктердің ордасы болған Швейцарияның өз ордасы жоқ.

Швейцария – федератив республика, 20 әкімшілік бөліктен, 6 кіші әкімшілік бөліктен тұрады. Елдің 4 мемлекеттік тілі (неміс, француз, итальян және ретророман тілдері) бар, бірақ мемлекеттік астанасы жоқ.  

Бейресми астанасы – Берн қаласы. Азаматтары оны федерал қала деп атайды. Швейцар билігі бүкіл әкімшілік бөліктің құқығын қорғау мен тепе-теңдік ұстау үшін ортақ қаланы астана етуді қалағанымен, ондай бас қала елде жоқ.

Елде неміс, итальян, француз және ретророман тілінің өкілдері тұрып жатыр. Мемлекет олардың барлығының құқығын, мәдениеті мен салт-дәстүрін теңдей қорғайды. Осыдан ортақ астананы таңдау қиындау.

Науру

Мемлекеттік астанасы жоқ тағы ел – Науру. Бұл – кішкентай елдердің бірі. Ауданы – 21 шаршы шақырым, халқы 15 мыңнан асады.

Науру – Тынық мұхитының шығысында жатқан шағын арал мемлекет. Оңтүстігінде Маршалл аралдары, солтүстік-шығысында Папуа –  Жаңа Гвинея аралдары жатыр.

Аралды 18 ғасырда ағылшындар ашқан. Алайда голланд отарында болып, кейін 1920 жылы Ұлыбританияның қарамағына өтті. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияның қоластына өтіп, кейін 1968 жылы тәуелсіздігін алды. Елдің ресми астанасы жоқ. Бірақ арал әкімшілігі Ярен округінде орналасқан.

Қ. Слямбек