Халық танымындағы күз атаулары

Халық танымындағы күз атаулары
Фото: pronedra.ru

Күз – ең ғажайып жыл мезгілі. Мәңгілік көктем болғанымен, мәңгілік күз деген тіркесті ести бермейміз. Өйткені  күз – өзгерістер уақыты.

Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар. Олар:

Мырза (жомарт) күз – дәнді дақылдар мен жеміс-жидектер пісіп молшылыққа кенелген кез.

Сары (алтын) күз – жапырақтар сарғайып, түлеген кез.

Жылауық күз – салқындаған, жауын-шашынды ылайсаң шақ.

Қоңыр күз – қара суық түсіп, күн бұлыңғырланар кез.

Қара күз – күн бұлыңғырланып, қара суық түскен кез.

Боқырау – суық түсіп, қар жауған кез, күздің соңғы айы.

Н. Үсенова