Ғаламдағы ең суық мекен

Ғаламдағы ең суық мекен
Фото: SciTechDaily

Ғаламның кез келген нүктесінде жылу көзін кездестіруге болады. Дегенмен жылу шашқан материядан алыстаған сайын температура төмендей түседі. Күннен 150 миллион шақырым қашықтықта орналасқан Жердегі ауа температурасы Цельсий бойынша 26-27 градус жылы болып тұрады. Ал Күннен ең қашықта орналасқан Плутондағы температура -229 градусты көрсетеді екен. Алайда Ғаламда одан да салқын мекен бар.

Температура – барлық материя тұратын молекулалар қозғалысының нәтижесі. Бөлшектердің жылдамдығы жоғары болған сайын материя ыси түседі. Ал ғарышта ешқандай бөлшек те, молекула да жоқ. Өйткені ғарыш – вакуум. Вакумм дегеніміз – ешқандай зат та, бөлшек те, тіпті, ауа да жоқ кеңістік. Ғарыштың температурасы "абсолют нөлге" тең. Бұл Ғаламда мүмкін ең төменгі температура. Бұдан да суық температураны кездестіру мүмкін емес. Цельсий көрсеткішімен – 273,15 градусқа тең.

Ғарышта объектілер қарапайым бөлшектердің белсенділігінің нәтижесінде қызады екен. Ал олардың қызу жылдамдығы жұлдыз не ғаламшардың орналасу қашықтығы, көлемі, формасына байланысты. Мысалы, ұшып келе жатқан ғарыш кемесінің күнгей жағы қызып тұрса, қарама-қарсы беті өте суық болады.

Ғарыш объектісі Күннен алыс орналасқан сайын оның температурасы төмендей береді. Мысалы, Плутондағы температура –240 градусқа тең. Ал Ғаламдағы ең суық жер – Бумеранг тұмандығы. Ол аймақтың температурасы –272 градусқа дейін түседі.

Жерден 5 мың жарық жыл қашықтықта орналасқан Бумеранг тұмандығын ғалымдар алғаш 1980 жылдары бақылай бастаған. Дәл қазір Бумеранг тұмандығы Күн секілді жұлдыздардың жоюылу кезеңін бастан өтізіп жатыр. Күнге ұқсас барлық алпауыт қызыл жұлдыз тіршілігін ғаламшар тұмандығы және ақ ергежейлі болып аяқтайды.

Абсолют нөл температурасынан Цельсий бойынша 3 градус жоғары кезде фотондар жарықтың жалғыз көзі болады. Ғаламның әрбір нүктесіне фотон, инфрақызыл, радиофотон жетуге қауқарлы. Бұл кезде Ғаламшардың температурасы "абсолют нөлге", ал ең салқын жердің температурасы -273,15 тең болмақ. Ғаламның температурасы бұдан да салқын болу үшін тағы 13,8 миллиард жыл өту қажет. Ғалам тағы кеңейе түскенде фотондардың толқыны ұзарып, температура тағы бір градусқа төмендейді.

А. Рысдәулет