Құс Жолының сыртындағы галактикалық қабырға

Құс Жолының сыртында "санауға келмейтін" жұлдыз бен әлемнен, шаң пен газдан тұратын үлкен "қабырға" бар. Солтүстік жартышардағы Персей шоқ жұлдызынан Оңтүстіктегі Апус жұлдыздар тобына дейін жалғасқан "шекараның" ұзындығы 700 миллион жарық жылын құрайды екен. Алайда бұл жұлдыздар тобы Жалтару аймағында орналасқандықтан ғалымдар зерттей алмай келеді. 

Париж-Сакле университетінің астрономы Даниэль Помаредо мен Гавай университетінің өкілі Брент Таллидің бастаған бір топ ғалымның  зерттеуі Astrophysical Journal басылымында жарық көрді. Зерттеуге ғаламшарымыздың ерекшеліктері бойынша диаграмма мен карта, сондай-ақ Оңтүстік полюс қабырғасына видеосаяхат енген. 

Ғалымдар ұзақ уақыттан бері біздің галактикамыздың ғаламшардағы нақты орнын анықтаумен айналысып келеді. Көрші галактикаларды анықтау арқылы ғаламшардың қай бағытта кеңейіп келе жатқанын түсінуге болады.

Ғылыми зерттеуде галактикалық қабырғаның космографиялық (астрономия мен физикалық география мағлұматтарына сүйенген әлем туралы суреттеме) ерекшеліктері туралы айтылған. Ондаған жылға созылған зерттеуде 18 000 галактикадан 600 миллион жарық жылына дейінге қашықтықта бақылаған. 

Секунд сайын кеңейіп жатқан ғаламшарда алыстағы галатикалар бізден алшақтап бара жатқаны белгілі нәрсе. Хаббл заңдылығы бойынша екі дене арасындағы арақашықтық көп болған сайын алшақтау жылдамдығы еселене түседі. Осыған сәйкес ғалымдар Жер мен Оңтүстік полюс қабырғасының алшақтау жылдамдығын анықтаған. Алайда қабырғаның сыртындағы галактикалардың жылдамдығы баяу екені белгілі болды.