Жыландар қалай ұшады?

Жыландар қалай ұшады?

Вирджиния политехникалық университетінің ғалымдары Nature Physics басылымына жаңа зерттеу жариялады. Онда алғаш рет жыландардың қалай ұшатыны егжей-тегжейлі сипатталған. Нақтырақ айтсақ, мақалада Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда кең таралған Chrysopelea paradisi ("Хор жыланы") аталатын бауырымен жорғалаушы туралы айтылады.

Әрине, жыландардың қанаттары жоқ, оларға қатысты "ұшу" деген сөзді ағаштан ағашқа секіруіне қатысты қолданады. Олар бұл әрекетті толқын тәрізді қозғалыстар арқылы жүзеге асырады (Бірақ олар құс ұшатын биіктікке көтеріле алмайды) екен. Олардың қозғалысын ғалым Джейк Соча 20 жыл бойы зерттеген.

Соңғы ғылыми мақала авторы Исаак Иэтон бір топ ғалымдарды жинап, жыландардың қозғалысын видеокамералар арқылы бақылаған. Кейін экраннан баяу режимде қарау арқылы "Хор жыландарының" қозғалыс логикасын түсінуге тырысып көрген. Нәтижесінде олар "толқын тәрізді қозғалыстардың арқасында жыландардың біраз уақыт ауада қалықтай алады" деген қорытындыға келді.

Жыландар сағатына 40 шақырым жылдамдықпен "ұшады". Сырт көзге ол бір жерден құлап бара жатқандай көрінетіні рас, бірақ бұл саналы стратегиялық қадам. Және діттеген жеріне түскен кезде жарақат алмайды.

Тәжірибе университет ғимаратында өткен. Болашақта ғалымдар бақылауды табиғи жағдайда жалғастыруды көздейді. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Sky Sports Головкиннің ізбасарларын атады
Sky Sports Головкиннің ізбасарларын атады
Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз?
Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз?
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді