Белгісіз ұшатын нысанның кейінгі 40 жылдағы сапалы суреті жарияланды

Белгісіз ұшатын нысанның кейінгі 40 жылдағы сапалы суреті жарияланды

Белгісіз ұшатын нысандарды (БҰН) зерттейтін уфологтардың айтуы бойынша поляк азаматы кейінгі 40 жыл ішінде ең сапалы БҰН суреттерін түсірген.

The Mirror басылымының хабарлауынша, Польшаның Ястрово ауылында тұратын және өз жерлестерінің оны психикалық ауруға ұшыраған деп айтпауы үшін аты-жөнін жариялағысы келмеген адам ұялы телефонымен белгісіз ұшатын нысанды түсіріп алған. Суреттердің сапасы жоғары, бұл оны егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді.

"Area 51" құпия әскери базасының сыры

Ер адам велосипедпен кетіп бара жатқанда біртүрлі дыбыс естігенін айтады. Ол артына бұрылып, орманның үстінде қалқып тұрған пирамида тәрізді затты көрген. Польшалық белгісіз нысан көзден ғайып болам дегенше оны 5 рет суретке түсіріп үлгерген. Содан кейін ол фотосуреттерді уфолог Роберт Бернатовичке берген.

Бернартович болса суреттерді британдық БҰН зерттеу қауымдастығының тергеу бөлімінің бұрынғы басшысы Филип Ментлге көрсеткен.

Ментл бұл фотосуреттер оның соңғы 40 жылда көрген ең сапалы суреттері екенін айтады. Және олар шынайы болуы да мүмкін.

Оның сөзімен тағы бір сарапшы Джейсон Глайв та келіседі. Ол фотосуреттегі зат металдан жасалғанын және жерден 45-60 метр биіктікте тұрғанын айтады.

Пентагон белгісіз ұшатын нысандар видеосын жариялады (видео)

"Суреттердің жоғары сапасы мені таң қалдырды. Шамасы, нысан жерден 150-200 фут (45-60 метр) биіктікте, 50 метр радиуста қозғалған", - дейді Глив.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді