Индонезияны коронавирустан қорыған елестер

Индонезияны коронавирустан қорыған елестер
Фото: www.nairaland.com

Индонезиядағы Кепух ауылында адамдарды үйде отыруға және карантин режимін ұстануға мәжбүрлеудің жаңа әдісін ойлап тапты. Ол үшін жергілікті билік «елес» еріктілерді жалдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Осылайша ауыл көшелерінде елес патрульдері пайда болды. Ақ сұлбаларды көрген жергілікті тұрғындарды үрей биледі. Бұл идея ежелгі индонезиялық фольклормен байланысты. Нанымға сәйкес, адамдар «поконгтар» ел кезіп жүрген өлілердің жаны деп сенген. Осы шараны қолдаған біраз тұрғын ерікті ретінде елес боп киініп, көше тәртібін қадағалауға көмектеседі.

Бір қызығы, елес бастамасы оң нәтиже берді. Адамдар COVID-19 пандемиясына қатысты карантинді қатаң ұстанып отыр.

Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Индонезияда 4500-ге жуық ауру тіркелген, олардың 400-і қайтыс болды.

А. Оралқызы