АҚШ-тың екі азаматы жарты миллиард доллар болатын джекпот ұтып алды

АҚШ-тың екі азаматы жарты миллиард доллар болатын джекпот ұтып алды

Аризона мен Миссури штаттарының екі тұрғыны Powerball лотереясынан құны 579 миллион доллар болатын джекпот ұтып алды.

Джекпот ойыны 28 қарашада ойнатылған. Ұтысқа ие болған билет нөмірінде 5, 23, 16, 22, 29 және 6 сандары тіркелген екен. Әзірге миллионерлер ұтысты бірден талап ете қоймаған. Ереже бойынша, жеңімпаз ұтысты бірден алуды қаласа, оған джекпот ұтысының 60%-ы ғана беріледі. Ал толық алуды шешсе, ұтыс бір жыл ішінде төленеді. 

Жалпы АҚШ тұрғындары әлемде лотерея сатып алу бойынша алдыңғы орыннан саналады. Ең атақты лотереяларға Powerball және Mega Millions жатады. АҚШ-та олардың әрқайсысы минутына 130 000 данамен сатылады екен. Бағалары бар-жоғы 2 доллар.

Бұл биылғы жылдағы лотерея ойынындағы ең үлкен үшінші ұтыс саналып отыр. Осыған дейін осы жылдың көктемінде Mega Millions лотереясының үш данасын сатып алған жігіт 640 миллион долларға байып кеткен еді. Одан кейін америкалық 81 жасар зейнеткер 336 миллион долларды қанжығасына байлады.

4747

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: foxnews.com, newsday.com

Б. Қосмағамбет