Тарихтағы ең биік цунами

Тарихтағы ең биік цунами
Фото: Freepik

Мұхиттан шалғай жатсақ та, цинами қаупі төніп тұрмаса да бұл табиғи құбылыс бойымызға үрей билетеді. Адамзат тарихындағы алапат "жан алғыш толқындар" жайлы жиі естімесек те, болған цунамилер жүздеген адамның өмірін жалмап, орны толмас қайғы әкелген.

Цунами мен толқынның айырмашылығы неде? 

Толқын мен цунамидің айырмашылығы тек биіктігі мен жылдамдығында ғана емес. Әдеттегі жарты метрдей болатын толқынға жүзе алмайтын адамдар шыдас бере алмайтын кездер болады. Әрине, оның қаупін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен толқын деп желдің су бетін қуып, кішігірім биік "цунами" жасауын айтамыз. Толқынның төменгі бөлігі жағаға кеп соқтығысқанда оның жоғары жағы шыңына жеткенше биіктей береді.

Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биіктігі ашық мұхитта 1 метрден аспайды, ал құрлықтағы тар шығанақтарда 50 метрге дейін барады. Толқынының таралу жылдамдығы сағатына 400-800 шақырымды құрауы мүмкін.

Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада) жиі қайталанады. ХХ ғасырдың 40-50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын цунами қызметі құрылды. Болжам цунами толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.

Тарихтағы ең алапат цунами

Айтса сенгісіз, тарихтағы ең биік цунами 500 метр болған. Ал сағатына 160 шақырымды басып өткен цунами 1958 жылы 9 шілдеде Аляскада тіркелген. Ол кезде жергілікті халық санының аз болуынан 5 адам мерт болған екен. Ғалымдар цунамидің биіктігін жағадағы өсімдердің құрамын зерттеу арқылы анықтаған. 

Жер сілкінісінің салдарынан мұхитқа биіктігі бір километр болатын таудан миллион куб тас пен мұз құлаған. Осыдан алпауыт цунами тұрған деседі. 2005 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда жер сілкіну күші 8,9 баллға жетіп, салдарынан биіктігі 10 метрден асатын цунами тарады. Тау биіктігіндей су толқыны жолдағы елді-мекендерді шайып әкеткен. Цунамидің жойқын күшінен 300 000 адам қайтыс болды. Ғаламат су толқыны жер сілкінудің эпицентрінен 6 мың шақырым қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.

А. Рысдәулет