Ғаламның кеңею жылдамдығы қандай?

Заманауи физика экзистенциалды тоқырауға ұшырады. Алыстағы жұлдыздардың сәулесі азайып жатқанда ғалымдар Ғаламның кеңею жылдамдығын өлшеу формуласының дұрыс емес екені туралы қорытындыға келді. 

Дэвистегі Калифорния университетінің космологы Джефф Чи-фан Чен ғалымдардың басым көпшілігі Ғаламның кеңею жылдамдығын өлшеу үшін қолданып жүрген Хаббл константын жоққа шығарды. Бұл формуланы алғаш осыдан 100 жыл бұрын америкалық астроном Эдвин Хаббл анықтаған болатын. Өткен ғасырдың ұлы ғалымы Ғаламдағы әрбір галактиканың Жерден алыстау жылдамдығы галактиканың Күн жүйесінен алыстау жылдамдығына тең екенін айтып кеткен.

Ғалам – ерекше құбылыс. Ғалымдар әлі күнге дейін көптеген жаңалық ашып, әр түрлі тақырыпта келіспей жатады. Бұл жолы ғалымдар Хаббл константының дұрыс не бұрыс екеніне көз жеткізбек. Ғарыш микротолқынды фонын қолдану арқылы ғалымдар Хаббл тұрақты жылдамдығын есептеп шығарған. Үлкен Дүмпу қалдықтарының көмегімен есептеу бойынша Хаббл тұрақты жылдамдығы бір миллион жарық жылына сағатына 74 351 шақырым құрайтын болып шықты.

Өшкелі жатқан жұлдыздарды бақылау барысында тағы бір ғалымдар тобы Хаббл тұрақты жылдамдығы бір миллион жарық жылына сағатына 81 100 шақырымды құрайды деген тұжырымға келді. Бұл Хаббл константына сәйкес Ғаламның кеңею жылдамдығын есептеу барысында формулада қате бар екенін білдіреді.

Ғалымдар алпауыт заттар уақыт кеңістігінің формасын өзгертетіндіктен Ғаламның кеңею жылдамдығын өлшеу формуласы қате болуы мүмкін екенін мәлімедеді. Өйткені деформацияға ұшыраған уақыт кеңістігі арқылы өткен жарық бізге нақты ақпарат бере алмайды. Бұл теорияның рас не өтірігін анықтау үшін H0LiCOW ғалымдар командасы Жерден 3-6,5 миллиард жарық жыл қашықтықта орналасқан алты квазар арқылы өтетін жарықты зерттеп көрді. Олар квазардағы қара құрдым материяны өзіне сіңірген сәтте жарық сигналдарының арасындағы уақыт ұзақтығын бақылаған.

Осы зерттеулерге сәйкес H0LiCOW командасы Хаббл тұрақты жылдамығы шамамен сағатына 81 100 шақырымды құрайтынын анықтады. Бұл айнымалы жұлдыздардың жарығы арқылы есептеген формуланың нәтижесімен шамалас. 

"Кеңею жылдамдығы" космологиядағы ең маңызды зерттеу элементтерінің бірі болып саналады. Ғалымдар Хаббл тұрақтылығы бойынша Ғаламның жасын анықтап көрді. Бұл жалпыға белгілі жас - 13,7 миллиардта.

Ал ғалым Джидің командасы Хаббл тұрақтылығы 82,4 деген шешімге келді, демек Ғаламның жасы 11,4 миллиард шамасында. Джи зерттеу барысында гравитациялық линзаларды қолданған, яғни, гравитация жарықты азайтып, алыс объектілерді жақындатады.

Джидің бұл жаңа тәсілі соңғы жылдардағы зерттеулердің қорытындысын жоққа шығарып тұр. Гарвард астрономы Ави Леб бұл зерттеуге сырттай баға берді. Оның айтуынша, Ғаламның жылдамдығы мен жасын есептеуде Джидің қолданған тәсілі оңтайлы.