Құстардың адам сенгісіз қабілеті

Құстардың адам сенгісіз қабілеті
Фото: Dixplore

Табиғаттың біз білмейтін тылсымы мол. Айналадағы жан-жануар да, құстар да, өсімдіктер де өзінше өмір сүретін, ерекше қасиетке бай жаратылыс иелері.

Император пингвин
Император пингвиннің аталығы – аса төзімді әрі жауапты жаратылыс. Ол аналық пингвин тапқан жұмыртқаны аяқ терісінің арасына басып, екі ай жүреді. Аналығы теңізден азық іздеп келгенше, аталығы диетаға отырып, өз денесіндегі май қорымен ғана қоректенеді.

Поляр шағала
Ол ұшудың және саяхат жасаудың чемпионы. Поляр шағаласы Арктикадан Антарктикаға және осы жолмен кері қарай жылына 72 000 км ұшып өтеді. Сол себепті ол жазды жақсы көреді.

Колибри
Әлемдегі ең кіші құс ретінде бәріне танымал бұл жаратылыс та өзіндік ерекше қабілетке ие. Олар жіңішке, ұзын тұмсығымен шырын жинай алады, осылай қыстың қамын жазда ойлайды. Онымен қоймай, артымен де ұша алатын қасиеті бар, жоғары қарай көлденең, төмен қарай жанымен де ұша алады.

Тоқылдақ
Ол ағашты 40 км/сағ жылдамдықпен ұрады. Денеге мұндай салмақ түссе, адамның өзі шыдай алмас еді. Неге тоқылдақ басын осынша ұрып әлі сау жүреді? Әңгіме оның бас құрылысында. Ерекше, өте ұзын, тіласты сүйегі, арнайы қатпарлы кемік сүйегі – міне, бас сүйегі осындай күрделі амортизация жүйесінде құрылған.

Сұр тотықұс
Жако не африкалық сұр тотықұс аталатын бұл құстың интеллекті аса жоғары. Адаммен адамша сөйлесе алады. Оның сөздік қорына шамамен 800 сөз сыяды. Бұл үш жасар баланың сөйлеу қабілетіне тең. Сонымен қатар адамдардың интонациясын да жақсы келтіреді.

Үкі
Көзі бадырақ бұл құс басын оңға да, солға да 135˚ бұра алады. Сонда басы 270˚ бұрылады деген сөз. Мұның себебі мойын омыртқасы басқа құстар секілді 7 емес, 14 сүйектер тұрады.

@. @assel_assanova