Біртүрлі рекордтарымен Гиннесске енген адамдар

Біртүрлі рекордтарымен Гиннесске енген адамдар

“Атың шықпаса жер өрте” деген сөз қазақта бекерге айтылмаса керек. Атын шығарғысы келген адамдар басқа елде де түрлі күлкілі әркеттерге барып жатады. Бірі тырнағын өсіреді, басқасы мыңдаған экспонаттардан тұратын күлкілі кәдесыйларды жинайды. 

Әлемдегі ең ұзын тырнақ

Айанна Уильямс Техас штатынында тұратын “жезтырнақ”. Оның тырнақтары 23 жыл бойы тоқтамай өсіп, 576 сантимеитрге жеткен. 

Аю ойыншықтарының ең ірі коллекциясы

Оңтүстік Дакота тұрғыны Джеки Майли тедди аюларына деген шексіз сүйіспеншілігімен танымал. Оның үйінде 8025 дана аю ойыншығы  бар. Ол ойыншықтарды түрлі штаттардан, әлемнің басқа да – 29 елінен жинаған.

Әлемдегі ең ұзын шаш үлгісі

Бенни Харлем – әуесқой әнші және модель. Ол әншілігімен емес, сырт келбетімен, анығы ұзын шаш үлгісімен танымал болған. Бенни әлемдегі ең биік шаш үлгісі бар адам ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына тіркелген. Шашының ұзындығы – 52,07 см. Бенни instagram желісінде қызымен бірге түскен фотолары арқылы да танылған адам. 

Балаларға арналмаған балалар арбасы

Том Колтун мен Джейми Робертс әлемдегі ең үлкен балалар арбасын жасап шығарған. Арбаның биіктігі 1,3 метр. Суреттен оған сәби түгіл ересек адам сиып кететінін байқауға болады. 

Ең ұзын кірпік

Ұзын кірпік кез келген қыз-келіншектің арманы. Бүгінде әйелдер кірпігі ұзын болмаса, оған кірпік жалғап әуреге түсіп жатады. Ал Цзянься үшін бұл мәселе емес. Ол әлемдегі ең ұзын кірпігі бар әйел ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген. Кірпігінің ұзындығы – 12,4 см.

Жемістен дайындалған желенің әуесқойы

Неміс азаматы Андре Ортолф желеге деген сүйіспеншілігін рекордқа айналдырды. Ол бір минуттың ішінде 716 грамм десертті жеп тауысқан. Бұл абсолютті әлемдік рекорд ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына тіркелген.

Т. Раушанұлы