Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / ХХI ғасырдың ең қауіпті дауылдары

ХХI ғасырдың ең қауіпті дауылдары

ХХI ғасырдың ең қауіпті дауылдары

Қыркүйек айы — Солтүстік Америка континенттінде дауылдар маусымы. Бұл уақытта жыл сайын ең ірі әрі сұрапыл тропикалық циклондар соғып тұрады.

Бұл қыркүйекте де осындай жаңалықтар тараған болатын. Айдың басынан бастап АҚШ-та дауылдың алдын-алу шаралары жүргізіліп келеді. 1 қыркүйекте "Дориан" дауылы (ураган) Багам аралдарына қауіп төндірсе, кейін жылжып АҚШ шекарасына жеткен. Америкада алдын-ала есептеу бойынша бұл құйын  $25-тен $40 миллиардқа дейін шығын алып келеді. Бұл соңғы жылдарда болған "қымбатқа түскен" табиғи құбылыстардың бірі саналады. Одан басқа, ХХI ғасырдың ең қауіпті деп танылған тайфундар мен құйындарын назарларыңызға ұсынамыз.

Тайфун мен ураган дауылдарының қандай айырмашылығы бар? Шындығында, айырмашылық тек олардың орналасу аймағында ғана. Екеуі де ірі тропикалық циклон саналады, желдің соғу жылдамдығы ең аз дегенде – 33 м/с. Егер бұндай циклон Тынық мұхитының солтүстік шығыс жағалауында, Солтүстік және Оңтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауында орын алса, оны "ураган" деп атайды.

Қиыр Шығыс және Азияның оңтүстік шығыс аймағындағы тропикалық циклон "тайфун" деп аталады. Одан бөлек, тайфун Тынық мұхитының солтүстік-батысында кездеседі. Кейде тайфун желі 67 м/с жылдамдықпен соғады. Бұндайды "супертайфун" деп атайды.

Ураган немесе тайфун жылы теңіз беткейінде қалыптасып, жағалауға найзағай, жауын мен дауылды жел арқылы соғады. Ең қауіптісі – судың тасуы. Тарихтағы ең ірі тайфун 1970 жылы Пәкістанның Шығыс аймағы мен Бенгалияның Батыс бөлігінде орын алды: ол 500 000 адамның өмірін алып кетті.

Тропикалық циклондар географиясы
Дауылдарды бақылаған зерттеушілер олардың белсенді бола түсетін маусымын анықтаған. Мысалы, атлантикалық урагандар 1-маусымнан 30-қарашаға дейін жалғасады. Ең қауіпті маусым қыркүйек айы саналады. Солтүстік Америкада дауылдан Мексика шығанағының жағалауы зардап шегеді. Көбіне дауылды маусым Флорида, Алабама, Миссисипи, Луизиана, Техас секілді штаттар кіреді. Одан бөлек, мексикалық жағалау маңындағы штаттар, соның ішінде ірі Канкун қаласын атап өтуге болады.

Бұрын бұл аймақта халық көп шоғырланбағандықтан, аса қауіпті саналмайтын. Дегенмен, XX ғасырда жергілікті билік Мексика шығанағын туризм мен демалыс орнына айналдыру мақсатында жұмыс жасай бастады. Қонақүйлер, виллалар, кемпинг орталықтар салына бастады. Бұл аймаққа Солтүстік Америкадан зейнеткерлер, жазғы демалыста студенттер жинала бастады. Ураган аймағы туризм үшін қолайлы емес екені анық. Оның үстіне, бұл аймақта жиі су тасқыны орын алады, шығанақта улы медузалар мен скаттар, акулалар мен қолтырауындар көп. Соған қарамастан, америкалықтар бұл аймақта демалғанды жөн санайды. 

Адамдардың бұл аймақта тұру, өмір сүру себебі – Мексика шығанағынан мұнай мен газ өндірілуі. Көбі балық аулау және ауыл шаруашылығымен айналысады. Билік үшін Майами, Жаңа Орлеан немесе Хьюстон тұрғындарын көшіруден гөрі, урагандарды бақылауында ұстаған тиімдірек. Олар жүйелі түрде эвакуация жұмыстарын жүргізеді.

Егер ураган Флорида жағалауына жетсе, онда космодром, НАСА ұшыру аймағы, ВВС,  SpaceX аймақтарына қауіп төнеді. Мұндай жағдай туса, инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру үшін көптеген шығын кетеді. Бірақ,  Флорида билігі бұған қатысты қорқыныштан әлдеқашан арылғандай. Өйткені, 2004 жылы штатқа алты аптаның ішінде төрт рет ірі ураган соққан. 

Тайфун жылдың кез келген уақытында орын алады. Бірақ, қауіпті маусым мамыр айынан қазан айына дейін аралық. Көбіне Корея, Жапония және Рюкю аралдары зардап шегеді. 

ХХI ғасырдың ең ірі 5 дауылы

1. Көп шығын келтірген дауылдардың бірі – "Катрина". 2005 жылдың тамыз айында АҚШ жағалауына соққан дауыл 1836 адамның өмірін қиса, экономикалық шығыны $125 миллиардты құрады. Жаңа Орлеан қаласының 80%-ы суға кетті. Қала тұрғындарының басым бөлігі дер кезінде эвакуацияланды. Бірақ, 30 000 жуық адам "Супердоум" спорт алаңында қалған. Ураган кезіндегі желдің жылдамдығы 78 м/с жеткен.

2. Ауқымды территорияны қамтыған урагандардың көшін бастап тұрған "Ирма". Ол 2017 жылдың 30-тамызында Кабо-Верде аралдарының маңында басталып, кейін Кариб аралдарына ауысқан. Одан бөлек, жолда Багам аралдарына залал келтірген. Екі аралдың тұрғындарының басым бөлігі баспанасыз қалған. 8 қыркүйекте ураган Кубаға жетеді, дауыл кесірінен толық ұзындығы 7 метрге дейін жетіп, Гавана суға кетеді. Желдің жылдамдығы болса 82 м/c жетеді, кейде, 100 м/c көрсеткен. 10 қыркүйекте табиғи апат Флоридаға жетіп, билік 6,3 миллион адамды эвакуацияған. Шығын $60 миллиард болса, 134 адам қаза табады. 12 қыркүйекте ураган дым болмағандай басылып қалған.

3. Жердің Батыс жарты шарында ірі тропикалық циклон 2015 жылдың қазан айында орын алып,  "Патрисия" деген атауға ие болды. Ол Мексиканың Тынық мұхиттық жағалауынан басталып, Халиско штатына жеткен. Желдің күші 110 м/с болған.

4. Диаметрі бойынша 2008 жылда орын алған "Айк" ураганы көш бастап тұр. Дауылдың диаметрі 950 км болған. Ал, негізгі рекорд 1979 жылы болған "Тип" тайфунына тиесілі. Оның диаметрі 2170 километрге жеткен.  

5. XXI ғасырда адам өмірін жалмаған ең сұрапыл дауыл "Наргис" атауымен танымал. Ол 2008 жылдың мамыр айында орын алған. Ол Мьянмада 138 000-нан астам адамның өліміне себепші болған. Экономикалық шығыны $12 миллиардқа бағаланды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: source.colostate.edu
Қосылған күні: 13 қыркүйек, 13:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.