Жұлдызнама. Бір-бірі үшін жаралған жұптар

Жұлдызнама. Бір-бірі үшін жаралған жұптар

Жұлдызнама жайлы айтқанда жұрттың пікірі екіге жарылады. Біреулер сенгісі келеді, біреулер мүлде қарсы, енді біреулер үшін тіпті маңызды емес.

Астролог мамандар адамдардың бір-бірімен тіл табысуы, араласуы мен отбасы болуы жұлдызнамаға да байланысты деп айтады. Қазақта "бір-біріне жұлдызы қарсы" деген сөз де бар. "Жұлдызы жарасқан жұптар" деп те айтып жатамыз.

Жуырда аустралиялық астролог Келли Фокс жұлдызнама белгілерінің айрықша тізімін жариялады. Ол бұл еңбегінде бір-бірімен тіл табысып, бақытты жанұя болатын белгілерді атап шыққан. Оларды бір-бірі үшін жаралған жұптар деп те атапты. Ендеше қандай белгілер?

Тоқты мен Мерген жұлдызнамасындағы жандар бір-бірі үшін жаралғандар қатарында. Тез тіл табысып, бірінің ойын бірі алып кете алатындай дәрежеде. Сондай-ақ, шаян мен сарышаян белгілері де берік қарым-қатынаста бола алады, әрі романтиканы жақсы көреді.

- Шаян мен сарышаян белгілері бүкіл өмірлерін бір-бірінің көзіне қарап өткізе алады, - дейді астролог.

Тауешкі мен Бикеш белгілері де өте жарасымды жұп бола алады екен. "Бикештер – махаббат сезімі жолында бәріне мән беретін талғампаз жандар, ал сабырлы тауешкілер мұны толықтыра алады"  - дейді маман.

Егіздер мен Суқұйғыш, Шаян мен Балықтар, Таразы мен Егіздер, Бикеш пен Торпақ, Арыстан мен Мергендер арасындағы қарым-қатынастар да берік болады екен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"
Жылқы жүрісінің түрлері
Жылқы жүрісінің түрлері
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ