Елестер туралы ең атақты суреттер

Елестер туралы ең атақты суреттер

Өмірде елестер бар ма? Осы бір сұрақтың төңірегінде сіз қалай ойлайсыз? Қу түлкінің құйрығындай бұл тіршілікте бәрі біресе шындыққа, біресе өтірікке сұранып тұратындай.

Ендеше, бүгін біз сіздерге әлемдегі ең атақты суреттерді ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Бұл суреттер ешқайда өңделмеген. Бұл суреттер тек сіздің ой-пікіріңізді білгісі келіп тұр.

Кезінде бұл жерде (Техас штатындағы Сан Антонио теміржолы) бес мектеп оқушысының өлімі орын алған. Жергілікті жұртшылық содан бері аталған жерді елестер мекендейді деп сенеді.  

Барлық кездің ең атақты суреті осы шығар! 18 ғасырда Англияда өмір сүрген Чарльз Тауншенд әйелі Леди Дороти Тауншендті («Леди Браун») үлкен үйдің қуыста орналасқан бөлмесіне қамап тастаған. Аталған әйел тарихи деректерге сүйенсек, 1726 жылы жерленген болып шықты. 

1966 жылы суретші яки фотограф Гринвичтегі ұлттық мұражайдың басқыштарын суретке түсіріп алған. Артынан алып қараса, суретте біреудің басқышқа жармасып тұрғанын көрінген... 

Иллинойс штатының елді-мекендерінің бірінде 1991 жылы қабір басында түсірілген суретте белгісіз бір әйелдің елесі отырған. Зерттеушілер, жергілікті тұрғындардан осы жерге қатысты алып қашпа әңгімелердің ойдан шығарылмағанын анықтаған.

1924 жылы Вотертаун экипажының мүшелері Нью-Йорктан Панама каналын бағытқа алып бара жатып, оқыстан газға уланып, өлген. Сол күні-ақ денелері суға тасталған. Ертесіне экипаж мүшелерінің бірі су толқынында жүзіп жүрген адамдарды көріп, артынша суретке түсіріп алған.  

Сурет Англиядағы шіркеулердің бірінде түсірілген. 

Апасының артында марқұм болған атасының сұлбасы...  1997 жылғы Дениз Расселдің суреті.

сурет:russianmontreal.ca

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига