Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Бүгін – бүкіләлемдік шоколад күні

Бүгін – бүкіләлемдік шоколад күні

Бүгін – бүкіләлемдік шоколад күні

Бүкіләлемдік шоколад күнін алғаш 1995 жылы француз халқы тойлай бастады. Әдетте бұл күнді атап өтетін адамдар жақын жандарына шоколад сыйлайды. Бұл тәттінің қандай пайдасы бар? Зиян екені рас па?

"Шоколад – өте пайдалы өнім", - деп жазды британиялық Harper's Bazaar басылымы. Әдетте диетологтар шоколад терінің қартаюы мен артық салмаққа алып келеді деген оймен оны рационнан алып тастауға кеңес береді. Кейбірі оны мүлдем тұтынбаған дұрыс деп санайды. Ал нутрициологтар бұл пікірмен келіспей отыр. Олар шоколадтың бірнеше артықшылығын алға тартады.

Біріншіден, шоколад көңіл-күйді көтереді. Яғни, нақтырақ айтсақ, дәмі, хош иісі мен құрамына байланысты шоколад мидың көңіл-күйге жауап беретін бөлігіне әсер етеді. Шоколадтағы триптофан "қуаныш гормоны" аталып кеткен серотониннің көп бөлінуіне алып келеді екен. Сарапшылар шоколад жеген адам ғашық болғандай күй кешетінін айтады.

Екіншіден, шоколад жүректің денсаулығы үшін пайдалы. Ол қан қысымын төмендетеді және қабынуға қарсы әсер ете алады.

Үшіншіден, шоколад қан тамырларын холестеринді тотығудан қорғауға көмектеседі. Мұндай мүмкіндікті какао бұршақтарындағы флавоноидтар береді.

Сондай-ақ, шоколад жөтелді басуға көмектеседі. Бұл оның құрамында теоброминнің болуымен байланысты. Бір қызығы, бұл десерт Альцгеймер ауруын алдын алуға жұмыс істейді.

Сонымен, шоколадтың қайсысы ең пайдалы?

Құрамының 70%-ы какаодан тұратын қара шоколадта флавоноидтар көп болады. Өзгесіне әуес болмаңыз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 11 шілде, 11:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.