Данаида монарх көбелегі туралы білесіз бе?

Данаида монарх көбелегі туралы білесіз бе?
Фото: airfreshener.club

Көбелектер арасында көшпелі өмір кешетіндері өте аз кездеседі. Жер бетіндегі 200-ге жуық көбелек түрлері ғана көшпелі өмір салтын ұстанады екен. Әр жылы оңтүстікке сапар шегіп, кейін артқа қайтатындардың ішіндегі ең танымалы – Данаида монарх көбелектері. Міне, осы көбелек түрі үшін арнайы қорық құрылған.

Бұл ерекше көбелектер Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлығында өте көп кездеседі. Данаида монарх жазды АҚШ-тың солтүстік-шығыс және Канаданың оңтүстік-шығысында өткізеді. Күн суыта бастағаннан-ақ Оңтүстікке ауады. Бұл жерде олар қазаннан наурызға дейін қыстап шығады. Көбіне олар Мексика орталығы, Мехико, Мичиган штаттарында болады. Мексика жерінде қыс уақытында миллиардқа жуық Данаида монарх көбелектері жиналады екен.

©calosoma-amitch.tumblr.com

Биологтар орманмен оранған таулы аймақтар көбелектердің қыстайтын орны екенін білгеннен кейін, арнайы қорық құрған. Қазір бұл қорық Мексиканың ең танымал жерінің біріне айналған.

Көбелектер ағаштарға орналасып қыстайды. Таулы аймақ тұманды болғандықтан, қыста олардың басым бөлігі қырылып қалады. Бірақ жаз шығысымен тірі қалғандары тағы да 3-4 мың шақырымдық саяхатқа аттанады.

©imagenesmy.com

Ең ғажабы көбелектердің өмір сүру ұзақтығы бар-жоғы 2 ай ғана, яғни, бұл түрдегі көбелектер бір жерге қоныс аударғаннан кейін екінші жерге ұшып бара алмайды. Көктемде Мексикадан ұшып барған Данаида монархтар АҚШ жерінде жұмыртқалайды. Екі аптадан соң жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, тағы екі аптадан соң қуыршақтан ересек түрге айналады. Бұлар да жаз мезгілінде тағы да көбейеді. Міне осы уақытта ғажайып метаморфоза болады.

©kidskunst.info

Саяхаттайтын қабыршақ қанаттылардың соңғы ұрпағы диабез атты репродуктив басқышқа өтеді де, 2 ай емес, 6-7 ай өмір сүреді. Осы уақыт ішінде олар Мексика жеріне ұшып келіп, қысты өткізіп, жаңа ұрпақ өсіріп, қайтадан АҚШ жеріне оралуға үлгереді.

©daypic.ru

Жаңа туған көбелектер көбею һәм қыстап шығу үшін орынды қалай таңдайтыныны осы күнге дейін жұмбақ болып келген. Құстарда саяхаттау жолдарын тәжірибелі жол басшылар білсе, үнемі жаңаланып отыратын көбелектердің адаспауы ғылымға тылсым болған. Тек жақында ғана этимологтар Данаида монарх көбелектерінің құстар сияқты Күн және Жер шарының магнит өрісі арқылы жол табатынын анықтады.

Жер шарында бұл көбелектерден бөлек, Африка, Аустралия, Еуропа, Мадагаскар және Үндістанда саяхаттайтын көбелек түрлері кездеседі.

Т. Раушанұлы