Көшеге 1 тонна шоколад төгілді

Көшеге 1 тонна шоколад төгілді
Фото: vk.com

Германияның Верль қаласының көшелерін шоколад басты. Апатты жағдай DreiMeister кондитерлік фабрикасында орын алған.

Суреттерге қарасақ, тура Вилли Вонканың әлеміндегідей көл-көсір боп аққан тәттіге қызығасыз. Апаттан кейін көшеге өзендей құйылған шоколад мұз боп қатып қалған.

Soester Anzeiger газетінің хабарлауынша, Мәселе шоколад қоры резервуарларындағы техникалық дефектке байланысты орын алған. Мұз боп қатқан тәттінің көлемі 10 шаршы метрді құрайды.

Келеңсіз жағдайды 25 өрт сөндіруші қолға алды. Олар күрек, ыстық су мен факелдерді пайдалану арқылы  көшені шоколадтан тазалаған. 

А. Оралқызы