- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жаһандық жылыну салдарынан...
Жаһандық жылыну салдарынан Гавай аралдарының бірі су астына кетті
Жаһандық жылыну кесірінен жер бетіндегі теңіз деңгейінен төмен мекендер жоқ болып кетеді деп ғалымдардың дабыл қаққанына көп болған жоқ. Соның дәлелі ретінде Гавай архипелагына кіретін "Валака" аралы жер бетінен жоқ болып, су астына кетті.
АҚШ-тың балық және жабайы аңдарды қорғау қызметінің жасанды серігінен түсірілген суреттерге қарағанда, Гавай шығыс аралдарының бірі толықтай су астына батып кеткен. "Валака" солтүстік-батыстағы атоллдар ішіндегі үлкендігі жағынан екінші арал болатын. Оның ені 120 метр, ұзындығы 1 шақырымды құрайды. Жоғалып кету қаупі төніп тұрған (ұзындығы 80 сантиметрден 1,4 м дейін жететін, салмағы 600 келі болатын) жасыл теңіз тасбақаларының дүние жүзі бойынша жартысынан астамы осы аралда өмір сүретін еді.
Архипелаг 24 арал мен атоллдардан тұрады. Ғалымдар жаһандық жылыну әсерінен басқа аралдар да жоғалып кетеді деп алаңдап отыр.
Т. Раушанұлы