Гавай аралдарын су басады

 Гавай аралдарын су басады
Фото: wikipedia.org

АҚШ Геология қызметі мен Гавайи университеті ғалымдарының айтуына қарағанда Үнді және Тынық мұхитындағы кейбір аралдар 2030 жылға келіп су астында қалады.

Маршалл аралдары Республикасында су деңгейінің ұдайы жылма-жыл көтерілуі зерттеушілерді алаңдатуда. Судың жерді басып келуі, арал-мемлекеттердің су астында қалуы – алдағы он жылдықтағы жалғыз мәселе емес.

Аралдары су басудан басқа, адамдар глобал ауа райының жылдан-жылға ысуы себепті ішуге жарамды су жетіспеушілігінен де зардап шегеді. Тұщы су қоры азайып бара жатыр, бұл 2030 жылдардың басында үлкен мәселеге айналады. Ғалымдардың мәліметінше, ірі аралдар – Спратли және Гавайи аралдарын да болашақта су басу қаупі күтіп тұр.

Т. Раушанұлы