Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Салты сара, дәстүрі дара сыған халқы

Салты сара, дәстүрі дара сыған халқы

Салты сара, дәстүрі дара сыған халқы

Өмір сүру дағдысы да, жүріс-тұрысы да, салт-дәстүрі де ерекше келетін, Шәмшінің атақты Изольдасының туыстары саналатын сыған жұрты туралы қызықты деректермен таныс болыңыздар.

«Жаратушы ие сығандарды ерекше таланты мен сауық-сайраны үшін жақсы көріп, өзі ұнатқан халқына күллі әлемді сыйға тартады. Сондықтан да, сығандар бір жерде ұзақ аялдау, отырықшы өмір сүру дегенді білмейді...». Бірнеше ғасырдан бері сыған жұрты дәл осылай аңыз шертіп келеді. Кейде, аңызды ақиқат па деп те қаласыз, өйткені сығандарды кез келген елден, кез келген қаладан ұшырастыруға болады.

«Сыған» - «славяндықтар», «кавказдықтар», «скандинавиялықтар» сынды жинақтама термин. Сығандардың құрамында онға жуық халық, өздеріне тән әнұраны, туы, көркем әдебиеті бар.

Сығандарда ересек немесе тұрмыс құрған әйелдерге байланысты айтылатын «сұрқиялық» деген ұғым бар екен. Яғни, есі бар қыздарға ашық-шашық киінуге тыйым салынады. Олардың ұғымы бойынша, белден төмен киілген киім «арам» саналады.

Сығандықтардың ері де, әйелі де шаштарын тым қысқа етіп қысқартпайды. Қысқа шаш – абыройсыздықтың белгісі.

Ешбір сыған алапес ауруымен ауырмайды.

Сығандықтар хинди тілін түсінеді. Сондықтан олар үнді фильмдерін сүйіп тамашалайды.

Журналистика, көше және ғимарат тазалау, зауыт-фабрикадағы жұмыс – бұларды сығандар адамды қорлайтын кәсіптер деп есептейді. Олар мұндай кәсіптерге жақындаған тайпаластарын орталарынан қуып жібереді екен.

Ет – ауылды, орманды жерлерде өмір сүретін сығандардың ең негізгі тағамы. Олар көбіне жабайы қабандардың, қояндардың және кірпілердің етін жейді. Айтпақшы, қуырылған немесе бұқтырылған кірпі – сығандардың ұлттық тағамы. Ел аузында сығандар адам етін жейді екен деген алып-қашпа әңгімелер де жоқ емес...

Орыс тілінде кең тарлған «лавэ» жаргоны – сығандық «ловэ» (ақша) сөзінен шыққан.

Кейбір сыған еркектер құлақтарына сырға тағып жүреді. Бұл отбасында жалғыз ұл екендігін білдіретін нышан.

Сыған табырында жастарға жұптарын таңдауда еркіндік берілген. Ал тым ерте отбасын құруды қалайтын перзенттеріне қалыңдықты ата-анасы таңдап береді.

Суреттер:vladivostok.olx.ru,shantel.su

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

14726 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 қараша 2012, 14:00
Пікірлер
+0
07 қараша 2012, 14:40

"Журналистика, көше және ғимарат тазалау, зауыт-фабрикадағы жұмыс – бұларды сығандар адамды қорлайтын кәсіптер деп есептейді" :roll: Қайыр сұрауды ше?!

+0
07 қараша 2012, 15:17

Әуезов театранан кейін бір түрлі өнерлері ұнап қалды, бірақ өмір салттары емес

+0
08 қараша 2012, 22:58

"Журналистика, көше және ғимарат тазалау, зауыт-фабрикалардағы жұмыс - бұларды сығандар адамды қорлайтын кәсіптер деп есептейді" дейді? Түу, шіркіндер-ай а?, қолымыздың сұғанағы жоқ, қайтеміз енді???

+0
08 сәуір 2013, 16:54

осылардан сәл коркам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...