Ай көшірмелері мұражайы әлем шарлауға аттанады

Ай көшірмелері мұражайы әлем шарлауға аттанады
Фото: vk.com

2016 жылы суретші Люк Джеррам НАСА-ның жоғары дәрежелі фотосуреттері негізінде Айдың (диаметрі 7 метр) бірнеше үлкен көшірмесін жасаған болатын.

Джеррам қолданған суреттер ғылыми орталықтың спутнигіне орнатылған орбиталық камерамен түсірілген. Енді оның "Ай мұражайы" әлемдік турнеге аттанбақ. Айдың көшірмелерін енлі Қытай, Канада, Франция, Ұлыбритания, Германия, Финляндия, Австралия және Нидерланд аралдары сынды елдердің тұрғындары да тамашай алады.

"Адамзат тарихы қашан да Аймен тығыз байланысты болды. Ғасырлар бойы біреу оны ғаламшар десе, біреу Тәңірдің өзі деп келді. Ол суретші, ақын, ғалым, жазушы және музыканттардың нағыз Музасына айналды. Әлемнің тарихи, мәдени, ғылыми және діни көзқарастары сонымен өлшенді ", - дейді суретші.

Түрлі елдерде, түрлі кеңістіктерде орналастырылатын қондырғы композитор Дэн Джонс арнайы жазған саундтрекпен әрленеді. Көрменің авторының айтуынша,  саяхатқа аттанған Ай репликасы көптеген адамдарға өшпес әсер қалдырып, жаңа мифологияның себепкеріне айналады.

Интерактивті мұражай әлем шарлауға жақын арада аттанады. 

А. Оралқызы