Тынық мұхитының түбінен беймәлім іздер табылды

Тынық мұхитының түбінен беймәлім іздер табылды
Фото: National Oceanography Centre

Тынық Мұхиттың Мексика мен Гавайи аралы арасындағы нүктесінен 4 мың метр тереңдікте сырлы іздер табылды. Кейбір ғалымдардың пікірінше, бұл беймәлім ұшатын аппараттардың (НЛО) ізі болуы мүмкін. 

Ұзындығы 2,5 метр, тереңдігі 30 сантиметрлік іздер Саутгемптондағы Ұлттық мұхиттану орталығының ұлыбританиялық ғалымдары жіберген роботтардың көмегімен анықтаған. 

Ұлыбританиялық ғалымдардың мәлімдеуінше, іздер табылған жерде тау-кен істері немесе ғылыми операциялар өткізілген емес. Сонымен бірге, балықтар мұндай із қалдыра алмайды. Себебі олар тым үлкен. 

Ғалымдардың бірі, доктор Ли Марштың айтуынша, іздер кездейсоқ түспеген. Мұндай үлкен іздерді киттер ғана қалдыра алады. Ал киттердің 4 мың метр тереңдікте жүруі өте сирек кездесетін жағдай. Өзге сарапшылар бұл іздер өзге ғаламшарлық техниканың іздері екеніне сенімді.

Т. Раушанұлы