Египеттен тағы бір Сфинкс табылды

Египеттен тағы бір Сфинкс табылды
Фото: youtube.com

Мысырдың ежелгі Луксор қаласындағы жолды қайта жөндеуден өткізіп жатқан жұмысшылар жер астында көміліп жатқан тағы бір Сфинкс мүсінін тапты. Бұл туралы қаланың ежелгі жәдігерлер басқарма басшысы Мухаммед Абдель Азиз мәлімдеді.

Хабарларға қарағанда жаңа Сфинкс ежелгі патшалықтың IV әулетінің төртінші перғауыны Хефрен бұйрығымен Гиза пирамидалары алдында бой көтерген Сфинкстен айнымайды. 

Мүсінді жер бетіне алып шығуға мамандар асығар емес. Сарапшылар ауа температурасының күрт өзгеруі мүсінге кері әсерін тигізе ме деп алаңдайды. 

Аңыздарға қарағанда Хефрен перғауын Сфинкстің басына өзінің бейнесін салдырған екен. Сфинкс араб тілінде қорқыныштың атасы деген мағынаны білдіреді. Ежелгі грек мифологиясында арыстан денелі әрі қанатты ғажайып әйел. Басқа мағынада – жұмбақ адам дегенді де білдіреді.

Т. Раушанұлы