Мексикадағы жер сілкінісі ацтектердің ежелгі ғибадатханасын табуға көмектесті

Мексикадағы жер сілкінісі ацтектердің ежелгі ғибадатханасын табуға көмектесті
Фото: thairath.co.th

Мексикалық археологтар Морелос штатындағы ежелгі ғибадатханалардың біріндегі жасырын бөлмені кездейсоқ кездестірді. Егер өткен жылғы жер сілкінісі болмағанда ғалымдар ғибадатхана ішінде жасырын бөлме бар екенін білмеген де болар еді.

Өткен жылы жер сілкінісі салдарынан бірнеше ғимарат құлап, 370 адамның өмінін қиған болса, биыл сол жер сілкінісі жаңа археологиялық орынның ашылуына себеп болып отыр.

Ғалымдар ғибадатханаға жер сілкінісі қаншалықты дәрежеде зиян келтіргенін білу мақсатында келген. Нәтижесінде 2 метр тереңдіктегі жасырын бөлмеге тап болған.

Ғалымдардың мәлімдеуіне қарағанда, ацтектер жаңбыр құдайы – Тлалоку мен соғыс құдай – Уицилопочтлилерге арнап құрылған Теопанцолко ғибадатханасының салынған уақыты б.з.б 1300 жылдарға кез келеді екен.

Т. Раушанұлы